Мұғалімдер » "Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
май
2022

Мұғалімдер

https://egemen.kz/article/312213-ghalymdar-mughalimderge-kenhes-berdi Егемен Қазақстан газетіне шыққан мақала.
Отандық ғалымдар мұғалімдерге оқушылардың ғылыми жұмыстарын тиімді дайындау жолдары жөнінде кеңес берді. Семинарға Алматы облысының Қарасай ауданындағы мектептердің 200-ден аса педагогі қатысты.

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің бір топ ғалымы Қарасай ­ауданы білім бөлімінің Әлжан Бұқарбайқызы атын­да­ғы қазақ орта мектебінің бастамасымен Алтын ауыл орта мектебі базасында мұғалімдерге өз тәжірибесін бөлісті. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ профессор­лық-оқытушылық құрамының өкілдері аудандағы бар­лық білім беру мекемесінен келген қатысушыларға инженерлік бейінді зертханада атқарылып жатқан ғылыми ізденістер туралы айта келіп, өз жұмыстарының иерархиясы туралы баяндады.
Аталған университеттің профессоры, инженерлік бейінді зертхана жетекшісі Сейтхан Азат сабақтас­тық­тың маңызына тоқталды.
– Оқушылардың қалалық және республикалық жобалар конкурсында қазы болған кезімде көптеген проблеманы байқадым. Оқушылар жоба конкурсына бір ай немесе бір апта қалғанда ғана дайындала бастайды. Кейбірі тіпті дайын диссертациялық, дипломдық жұмыс негізінде конкурстарға қатысады. Ауылдық жердегі мектептердің материалдық жағдайы ғылыми тәжірибелер жасауға мүмкіндік бермейді. Кез келген университет зертханаларымен бірлесе жұмыс атқару да қолжетімді емес. Сондықтан университет-мектеп-өндіріс ортасында ортақ алаң жасау ойымызда бар. Дәл осындай ауқымды семинар республика көлемінде бірінші рет өтіп жатыр. Басты мақсат – оқушылардың сапалы ғылыми жобалар жасауына дұрыс бағдар беру және жағдай жасау. Алдағы күндері университет пен мектептер арасында меморандумға қол жеткізіп, университет жанынан мектеп оқушыларына арналған зертханалар, орталықтар ашып сапалы кадрлар дайындауды қолға алмақпыз, – дейді С.Азат.
Оның айтуынша, Қарасай ауданы Шамалған ауылының Әлжан Бұқарбайұлы атындағы қазақ орта мектебі директорының орынбасарлары мектеп оқушыларының ғылыми жоба дайындауы, оны рәсім­деуі барысындағы кедергілерді жою жолдары жайлы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ инженерлік бейінді зертханасынан көмек сұраған. Алғашқы кезде онлайн вебинар өткізіп, жоба дайындауға қойылатын талаптармен таныстырыпты. Енді сол жұмыс өз жалғасын тауып, семинарға ұласып отыр. Алдағы жұмыс мектеп-университет-өндіріс форматында өрбуі керек.
А.Керімбеков атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ерден Ерланұлы:
– Семинардан ерекше сезіммен шықтым. Бірінші­ден, Қ.Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық зерттеу университеті тәрізді іргелі ғылым ордасы мен қара­пайым ауыл мектебі арасындағы ынтымақтастық деңгейі қуантты. Екіншіден, семинар барысында Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ғалымдары ғылыми-зерт­теу жұмыстарының бағытын, тақырыбын таңдау­дан бастап оларды ұйымдастырып жүргізу әдіс-тәсілде­ріне тоқталып, нәтижеге қол жеткізу кезеңдеріне де­йін тәптіштеп түсіндірді. Ғалымдар өз жұмыстары­мен таныстырғанда олардың ғылыми еңбектері аясында мектеп оқушыларына қолжетімді, зерттеуге тұрар­лық тақырыптар анықтап алдым, – дейді.

https://egemen.kz/article/312213-ghalymdar-mughalimderge-kenhes-berdi

Похожие публикации:

29 апрель 2022 ҰБТ
10 март 2022 Іс-шара
17 март 2022 Іс-шара
10 март 2022 Іс-шара
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив