"Мен сені үлгі тұтамын!" тақырыбында ерекше балаларға арналған аудандық форум » "Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мен сені үлгі тұтамын!" тақырыбында ерекше балаларға арналған аудандық форум
18
январь
2024

"Мен сені үлгі тұтамын!" тақырыбында ерекше балаларға арналған аудандық форум

2024 жылдың 18 қаңтар күні  Қарасай ауданы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес  Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі базасында «Мен сені үлгі тұтамын!» тақырыбында ерекше балаларға арналған тұңғыш рет аудандық Форум өткізілді. 
Форумға Қарасай ауданы бойынша 42 мектептің ерекше білім беруді қажет ететін, үйден оқитын, инклюзив оқушылары мектеп директорлары және логопед мамандары қатысты. Форумға «Аманат» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Айтжанов Қаныбек Құлжабайұлы  және «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің басшысы Еркимбаева Асель Аблеқызы қатысты. 
Форум 2 бөлімнен құралды. 1-ші бөлімінде концерттік бағдарлама мен ашық алаңда сұхбаттасу жүргізілді.  Мектептің түлектері , Англияның Оксфорд қаласында өткен Халықаралық спорттық жарыстардың жүлделі жеңімпазы  Исламова Айнұр Исламқызы мен  қол күрестен 4 дүркін Азия чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жаттықтырушы, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен  нұсқаушы-ұйымдастырушы Бисенбаев Жасұлан Балымжанұлы оқушылармен ашық алаңда сұхбаттасты. Форумның 2-ші бөлімінде әртүрлі түстермен топқа бөлініп,  фасилитациялық алаңдар ұйымдастырылып,  8 бекетке саяхат жасады. 
1 бекет - «Құм терапиясы», логопед-дефектолог  М.Калиева, Г.Копбаева
2 бекет - «Ахмет жаққан шамшырақтар», қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Жубанова, М.Молдагалиева
3 бекет - «Өнерім өмірім», С.Байманова, Б.Сабиров
4 бекет - «Қуыршақтар әлемінде», А.Джылкаманова, Г.Нысанбаева
5 бекет - «Музыкалық терапия», «Октава» бірлестігі
6 бекет - «Қимылдарды қайталау», «Олимп» бірлестігі
7 бекет - «Біз біргеміз», «Олимп» бірлестігі
8 бекет - «Арт терапия», ДТІЖО Ж.Адилбаева, Қ. Юлдашбаева, педагог-ұйымдастырушы  Қ.Жайлыбаева, З.Кусаинова жүргізді. Саяхат барысында оқушылар бекеттерде өз өнерлерін көрсетті. Кері байланыс алу барысында оқушылар форумнан алған керемет әсерімен бөлісті. 
Форум соңында «Аманат» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Айтжанов Қаныбек Құлжабайұлы  оқушыларға кітаптар сыйлады
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив