Тәрбие бойынша жылдық атқарылған жоспардың мәліметі » "Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәрбие бойынша жылдық атқарылған жоспардың мәліметі
14
июль
2023

Тәрбие бойынша жылдық атқарылған жоспардың мәліметі

«Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі» КММ

Тәрбие бойынша жылдық атқарылған жоспардың мәліметі


       Алғашқы қоңырау 1  қыркүйек  Білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты салтанатты жиыны сағат 9:00 де басталып, сағат 9:35 те аяқталды. Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны ең алдымен Ту кіргізу рәсімдері мен  Қазақстан Республикасының Гимны шырқалды. Мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушыларын ортаға шақырылды. 1 «А» сынып жетекшісі Омарбеков Ғалия Абдырахманқызы, 1 «Ә» сынып жетекшісі Ахметов Айгерім Жанатқызы, 1 «Б» сынып жетекшісі Қойлыбаева Асия Анарбековна, 1 «В» сынып жетекшісі Бегишева Эльмира Абайқызын шәкірттерімен ортаға шықты. Ең алдымен құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Катубаева Гаухар Жартасбаевнаға берілді. Мектеп дирекоры оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтап ақ тілегін айтты. Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары «Туған ел» тақырыбында ән шашуын паш етті. Жиынымызға білім бөлімінің әдіскері Бихожаева Гүлнар Нұртазақызы мен мектебіміздің ардагер ұстаздары, Гүлжаш Ерғалиқызы, Бибігүл Сағададинқызы құрметті қонағы болып, ұстаздарға, оқушыларға деген құттықтау сөзін жеткізді. ­­4 «А» сынып оқушылары «Туған ел» тақырыбында хор шырқап, көпшіліктің көңілінен шықты. Бірінші сынып оқушылары тамаша тақпақтарын айтып, ән шашуларын паш етті. Бірінші және екінші ауысымдағы оқушыларымен  «Терең  білім, еңбекқорлық  және   отаншылдық» тақырыбында   сынып  сағаттары  өткізілді. Салтанатты  жиын   мен  сынып  сағаттарының   видеоролигі  әлеуметтік  желілерге   салынды. 

        Мектепте «Сенім поштасын» , «Сенім телефонын» ұйымдастыру. Мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы қарым - қатынасты нығайту үшін мұғалімдер жиналысында мектеп әкімшілік тарапынан арнайы нұсқаулар беріледі. Егер де мұғалімдер мен білім алушылардың арасында келіспеушілік жағдайлар туындаған жағдайда тиісті іс - шаралар қолданылады. «Сенім телефоны» сенім жәшігінің сыртында жазылып тұр, үнемі қызмет етуде. Осы күнге дейін еш бір оқушыдан шағым түскен емес. Сонымен қатар әр апта сайын «сенім жәшігі» тексеріледі, ешбір хабарлама байқалған жоқ. Мектеп психологтары оқушылармен тығыз жұмыстар жүргізуде.

 Тіл мерекесі Ахмет Байтұрсынов қазақ халқының ұлы көсемі  мерекесін атап өту. Қазақ­стан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланатын бо­лып ресми бекітілген еді. Естеріңізде болса, бұрын бұл мереке қыркүйек айының үшінші жексенбісінде тойланатын. Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің өзін­дік сыры бар. Өйткені бұл күн – халқының азаттық жолына басын тіккен, ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Бай­тұрсынұлының туған күні. Тіл ме­­рекесін «Өз ті­лімен сөйлескен, өз тілі­мен жаз­ған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды» деп, мектепішілік іс-шараларды қазақ тіл әдебитті бірлестігімен тәрбие бөлімі бірлікте атқарды.

 Жолда жүру ережесі бойынша сынып сағаттар өткізіліп, видеороликтер инстаграм мен фейсбук желісіне салынды. 

      «Адал ұрпақ» тәрбие ісі бойынша жылдық жоспар негізінде «Адал ұрпақ» клубы құрылды, бұйрық шығарылды. Мүшелері тағайындалып жоспар жасалды.

         Отбасылық тәрбие бойынша: Мектепішілік тәрбие жұмыс жоспары негізінде, отбасылық тәрбие бойынша апталық жасалды. Апталық барысында «Отбасы бақыт мекені» отбасылық іс -шаралар өткізілді.

        Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес: Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бойынша іс-шара жүргізуге арналға журнал жасалып бекітілді.

        «Қамқоршылық» кеңесін құру. Қамқоршылық кеңесті құру туралы бұйрық шығарылып, кеңес мүшелерімен жиналыс өткізілді.

       Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру. Үйірме сағаттары бойынша тиісті мұғалімдер тағайындалып, жоспар бектіліп ата-аналардан қолхат алынды. 

        Оқуға құштар айлығы Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» атты шығармашылығына байланысьты оқуға құштар айлығы іс – шарасы жасалды.

       Ахмет Байтұрсынұлына 150 жыл толуына орай бастауыш сынып оқушылары «Ертегілер елінде атты» ашық тәрбие сағатын өткізді. Ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін жатқа оқып, сахнада қуыршақ театыры қойылды.


    2022 жылдың 30 қыркүйек күні Ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған "Дублер күні" өткізілді.

Сол күні 11 сынып оқушылары мұғалімдерді үш топқа бөліп сабақ өтізді. Осы жауапты іс - шараға оқушылар жоғары дайындықпен келді. Мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды.Таңертеңнен бастап мектепте ерекше атмосфера орнады, қыздар сәнді киініп, ұлдар костюмде галстук тағып осы күнді қызықты да, мазмұнды етіп көрсетуге тырысты. Мектептегі тәртіп, оқушылардың сабаққа қатысуы өз деңгейінде болды. Дублер күні - оқушылардың көшбасшылығын арттырып, өзін - өзі басқару ұйымын жақсартуға және өзін мұғалім болып сезіне алуына мүмкіндік берді. Сабақ соңында мұғалімдердің оқушыларға берген кері байланысынан-ақ мықты маман болатыны анық көрінді.

2022 жылы 06 қазан айында мектебімізде "Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан" атты мерекелік кездесу кеші өткізілді. 

Мақсаты: зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге, құрметтеуге, сыйлауға үйрету.

Мерекелік шара барысында мектеп  директоры Катубаева Гаухар Жартасбаевна ардагер ұстаздарымызды таныстырып, ардақты ұстаздарға өз алғысын да білдірді. 4 "А" сынып оқушылары асқар тау әкелерімен бірге "Туған ел" атты ән шашуын тарту етіп, ары қарай мектеп президенті Мырзабек Елубайдың жазған сценариі негізінде 11 ші сынып оқушыларымен бірге "Асқақ арман" атты театрлық қойылым қойылды. Бұл театырлық қойылым Ардагер ұстаздар мен мектеп ұжымына мазмұнды әсер қалдырды. Бастауыш сынып оқушылары "Қуыршақ" биімен сахнаның көркін аша түсті. Ұстаз ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жарықпас,

Үйретуден балаға - деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздық өмір жолдарындағы шәкірттерімен өткізген естеліктерге бір шолу жасап алмадағы сұрақтарға жауап беріп, мектеп кезіндегі қызықты сәттермен бөлісті. Ұстаздарымыз өз жүрек жарды лебіздерін білдіріп, мектебіміздің ұстаздары мен шәкірттеріне ақ баталарын берді. Шәкірттердің ұстаз алдындағы үлкен міндеті

 “Алғыс айту” демекші бүгінгі кештің қонақтарына дайындаған сый-сыяпаттарымыз тарту етілді

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы, ұстаздарға бас иелік мәңгілік! - дей келе мерекелік кеш өз мәресіне жетті.

 «Қарасай ауданы халқының құқықтық мәдениетін арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықты болдырмай «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру» бойынша «Қарасай ауданы Ауған соғысы ардагерлері, мүгедектер және соғыс қимылдарына қатысулар кеңесі» қоғамдық бірлестігі мектебімізге келіп, мұғалімдер арасында баяндама оқылып таныстырылды. Басты мақсат: өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлық әрекетіне теріс көзқарасты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға шақыру болды. Сонымен қатар жастардың бойында жеке тұлғаның негізін құрайтын адамгершілік нормаларына оң көзқарас қалыптастыру, олардың құқықтық санасын қалыптастыру мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады. Мемлекеттің қаражатын жымқыру, пара алу үлкен қылмыс екені айтылды. Бүгінгі таңда Конвенцияға 140-қа жуық мемлекет қол қойып, 80-ге жуық мемлекет ратификациялады. Жиналыс соңында мектеп директоры Катубаева Гаухар Жартасбаевнаға және ұстаздарымызға мұғалімдер күніне орай Алғыс хат табысталды.

Отбасы мерекесіне орай сынып жетекші  Қайсар Халықұлының ұйымдастыруымен  9 «А» сынып оқушылары мен ата - аналары іс-шараға белсене қатысты. Бірінші тақырып қазіргі таңда барлық халықты алаңдатып отырған «Әлеуметтік желінің қауіпі» бойынша ата-ана VS болып екі топпен жарыс басталып кетті. Ретро әндері мен заманауи әндер айтып сайыс қыза түсті. Мақсат оқушыларды жан - жақты ашу болды. Спорттық сайыста ата - аналар оқушылардан қалысқан жоқ. Аналарымыз қыздарымызбен бірге түрлі салаттар жасап, көркем эстетикалық бет әрлеу сайысымен көзге түсті. Ата - аналар тарапынан оқушыларымызбен бірге тартысты сайыс болды. Барлықтарының көңілінен шығып, әділ қазы мүшелері сөз соңында достық жеңгенін келген аналарға оқушыларымызға алғыстарын айтты.

Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Жас ұрпақ тәрбиесі адамзаттың барлық кезеңінде ғасырлар бойы дамып, өз шешімдерін тауып келеді.

Мектеп өмірінде мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді.

Ұлы данышпан Абай Құнанбайұлы «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деген қанатты сөзіді айтқан. Қазіргі кезде мемлекетімізде жас ұрпақтың жан – жақты дамуымен бірге тәрбиесіне де ерекше назар аударылуда. Ұрпақ тәрбиесі   - баршаның ісі. Тәрбие тек сабақ берумен ғана шектелмейді, ол сабақтан тыс уақытта да жалғаса береді және тереңдетіле түседі. Сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік іс – әрекет әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып жүргізіледі. Тәрбие барлық уақытта және барлық жерде жүзеге асырылады. Оны белгілі бір сағатпен, сабақпен шектеуге болмайды. Оқушының бос уақытын тиімді өткізу мен балаға жақсы тәрбие беруде оқыту сабақтарына қарағанда, сабақтан тыс жұмыстар мен мектептен тыс жұмыстардың алатын орны ерекше.

1 “Ә” сыныбының оқушыларының күзгі демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді пайдаланды.

Сынып жетекшісі: Ахметова Айкерім Жанатовна

Мақсаты: Отбасылық қатынастарды нығайту. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Нәтижесінде балалар еңбексүйгіштікті, ұқыптылықты, жақын адамдарына көңіл бөлуді, еңбекке деген құрметті дамытады. Бұл патриоттық тәрбиенің, туған жерге, қоршаған табиғатқа деген сүйіспеншіліктің бастауы. Баламен, ересек адаммен қолөнер жасау, оның жеке басының үйлесімді дамуына үлкен әсер етеді, сонымен бірге ата-анасымен бірге болған уақыт ол баға жетпес уақыт!

Мектебімізде кәмелетке толмағандар арасындағы жол көлік оқиғаларына көптеп ұшырауына байланысты атқарылған жұмыстар туралы  2022– 2023 оқу жылында мектеп оқушылары арасында жолда жүру ережесінің сақтауды насихатттау және жол апатынан жарақаттанудың алдын алу мақсатында бұйрық шығарылып іс-шаралар жүргізілуде. 1-11 сыныптар арасында «Жол ережесін білесің бе?» тақырыбында оқу бағдарламасындағы жоспарға сәйкес сынып сағаттары өткізілді.   Мектеп оқушыларына, ата - аналарға жолда жүру ережесін сақтау, жол апатының, жол жарақатының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізіліп түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Қарасай аудандық IIБ ювеналдық тобының аға инспекторы, полиция капитаны А.Жаппаркулов және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Оспанова 5-11 сыныптар аралығында «Жолда жүру ережесін білесің бе?» тақырыбында дәріс өткізіп, қоғамдық   орындарда және көшелерде жолда жүру ережесімен бірге мінез - құлық, жол жүру қағидаларын сақтау туралы нұсқаулық берді, сонымен қатар демалыс кезінде жол қауіпсіздігін қатаң сақтауды ескертіп айтты. Тек жаяу жүргіншілер жүретін жолмен ғана өтулерін, арнайы белгіленген жерлерде ғана ойнауларын  түсіндіріп ескертіп айтты. Мектептің алдында «Жылдамдықты бәсеңдеткіш» жылдамдықты мәжбүрлі төмендету құралдары бар.

Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебінде "Буллинг пен кибербуллинг деген не?" тақырыбында ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: "Буллинг, кибербуллинг" сөзінің мағынасын ашу. Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу. Буллинг пен кибербуллинг дегеніміз - адамның құқығының өрескел бұзылуы. Сонымен қоса бір адамның немесе адамдар тобының екінші адамға қасақана және үнемі зиян келтіруі. Ал киберқауіпсіздік - бұл желі, әлеуметтік желілері, онлайн ойындары және жедел хабарлама қосымшалары арқылы қорқыту.

Қараша айында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы туралы  5 – 10 сыныптар арасында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Ұйымның белсенді мүшелері Шойбекова Сандуғаш, Бегимбаева Айгерім оқушыларға «Адал ұрпақ» клубы  жөнінде толық ақпарат беріп, сыбайлас жемқорлықтың зардабы туралы түсіндіріп өтті. Педагог-ұйымдастырушы М.Т. Рақымбай жауапкершілік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік туралы сөз қозғап, егер бойға осы қасиеттер сіңетін болса,  есейген кезде өн бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасып, саналы өмір сүруге  мүмкіндігі жеткілікті азамат боласыңдар деді.  Осы тұста оқушылар да өз ойларын ашық айтып, сұрақтарға жауап берді.

        1 желтоқсан күні 11 «А» сыныбында «Зорлық зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында сынып сағаты өтілді. Сынып сағатын ұлдар көрініс көрсетумен бастады. Екі топқа бөлініп, екінші топ- 10 сыныптар болып, бірінші топ- 11 сыныптар болып ойнады. Көріністе 11 сыныптардың 10 сыныптарға әлім-жетік көрсеткендігі сипатталды. Соңында тәрбие завучы келіп ақыл айтты. Сабақ тақырыбы да осы көрініспен ашылды. Содан кейін балалар өздерінің осы тақырып бойынша түсініктерін баяндады. Мейрамбек пен Шұғыла слайд арқылы зорлық- зомбылықтың түрлеріне анықтама берді. Екеуі топтарға «Қатыгездіксіз әлем болуға қандай әрекет жасау керек ?»деген тақырыпта постер жұмысын берді. Әр топ тақырып бойынша ойларын постер арқылы сипаттап жеткізді. 

       2022 – 2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай өткізілген «Тәуелсіздік тұғыры» атты ашық  тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алғалы 31 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту. Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді ұрпақ керек екенін түсіндіру. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, халқымыздың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

       9 «А», 9 «Ә»  сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге іс - шараны өткізді. Тәуелсіздік тақырыбына көркем сөз оқып, Ермек Нұрахметтің орындауында  «Құрманғазы күйі Адай» күйін жақсы орындап шықты. Исаева Данеляның орындауында «Қазақстаным алға» әні орындалды. «Тәуелсіздікке жету жолында» тақырыбында көрініс көрсетіп, Тәуелсіздікке жету жолындағы оқиғалар баяндалды. Ерікұлы Бақберген, Исахан Есмұханның орындауында «Мен Қазақтың ұлымын» әнін орындады.Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебінің директоры Катубаева Гаухар Жартасбаевнаға және  Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болуына өз үлесін қосып, 1986 - жылғы желтоқсан көтерілісінде қазақ жастарымен бірге алаңға шығып, ерлік көрсеткен ұлағатты ұстазымыз ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Берекетова Рысты Жусуповнаға сөз берілді. Іс - шара өз деңгейінде өткізіліп, оқушылардың бойында патриоттық сезімдері арта түсті.

     26 желтоқсан күні оқушыларды «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Ұйымға қабылданған әр оқушы өзіне үлкен міндет жүктелетінін, жауапкершіліктің еселенгенін түсінді. Салтанатты жиынның ашылуы Мемлекеттік Гимнмен басталып, Ахметова Айгерім апай шәкірті Айсельмен бірге орындаған «Шәкіртім» әнімен жалғасын тапты.  Оқушылар ант беріп, «Жас Қыран» ұйымына 87 оқушы, ал «Жас Ұлан» ұйымына 84 оқушы қабылданды. Сондай-ақ оқушыларымызды құттықтай отырып, Исаханұлы Есмұхан мен Ерікұлы Бақберген «Мен қазақтың ұлымын» әнін орындады. Жиын соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.А. Оспанова оқушыларды құттықтап, жүрек жарды лебізін білдірді.

     Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі.  Бәріміз өткен жылға есеп беріп, келе жатқан жаңа жылдан көп үміт күтіп, жоспар құрып, жаңа бақыт күтеміз. «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа»- демекші айтулы мереке біздің мектебімізде де аталып өтті. 27-28 желтоқсан күні мектебімізде жаңа жыл мерекесі өткізілді. Жаңа жыл мерекесінде мектеп алды даярлық тобына орыс тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен оқушылар қуыршақ театры қойылымын көрсетті. 1-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Қош келдің, жаңа жыл!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Оқушыларға қонаққа Аяз ата мен Ақшақар, мыстан, барыс, қоян қонаққа келді. Бастауыш сынып оқушылары, көркемсөз оқып, ән-биден шашу шашты. Аяз Ата мен Ақшақар балалармен бірге   билеп, олардың өнерлеріне тәнті болып, тәтті сыйлықтарын тарту етті. Ал, 5-8 сынып оқушылары көрініс көрсетіп, би билеп, әр түрлі ойын ойнатып, жеңімпазға сыйлық сыйлады. Оқушылар ескі барыс жылымен қоштасып, жаңа жыл қоянды қарсы алды.

29 желтоқсан күні 9-11 сыныптар арасында жаңа жылдық бал-маскарад өтті. Мектеп жастары ұйымдастырған бұл шараға олигарх Аяз ата келіп, оқушылардың көңілін көтерді. Жас түлектер вальс билеп, ән шырқады. Мектебіміздің директоры Г.Ж. Катубаева, директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары Н.М. Молдамуратов оқушыларды жаңа жылмен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Осы сәтті пайдалана отырып, мектеп директоры 11 сынып оқушысы Мырзабай Елубайды құттықтап, облыс әкімінен алған 100 мыңдық сертификатын табыстады. Мырзабек Елубайдың жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Н.Алқадырға алғыс хат табыстады. Бал-маскарад өте жоғары деңгейде өтті.

Дінмұхаммед Ахмедұлы Қонаевтың 110 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған ашық тәрбие сағаты өткізілдіТәрбие сағаты барысында артында қалған өнегелі өсиеттерін оқушылар жатқа орындады. Кемеңгер атамыздың көпшілікке үлгі болар бойындағы 12 қасиетін сайдың тасындай  тізілген 12 оқушымыз нақышына келтіріп орындап берді. Қылышынан қан тамған кеңес өкіметінің тұсында ел ағаларының басты арманы — ұлтын сақтап қалу болды. Олар тәуелсіздік үшін күрес жолында жан алысып - жан берісті. Дәл осындай азаматтардың бірі Дінмұхамед Қонаев еді. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері халқы үшін қалай аянбай еңбек етсе, елі де оны дәл солай ұлықтап, төбесіне көтерді. Осы күнге дейін барлық жасағанын ескеріп, Димаш Ахметұлының өмір жолы бірізді болды деп айту қиын. Марқұмның өзі де өсиет естеліктерінде ғұмырында қуаныш пен қайғының қатар жүргені туралы айтып кеткен-ді. Сонымен қатар өнегелі өсиет сөздерін қыздарымыз айтып шықты, күй шертілді, жанды дауыста ән де шырқалды. Оқушыларымыз да керемет әсерімен, құнды ақпараттарымен бөлісті. Ұйымдастыруға ат салысқан 8 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Гулшат Жакановна және Шұғыла Аманжоловна.

          Оқуға құштар «Мен оқыған бір кітап» жобасы аясында ата-аналар оқушыларымызға өзінің оқыған кітабын түсіндіріп айтып береді. 4 «В» сынып Дәулетжанқызы Іңкәрдің анасы Ғалия ханым «Түлкі мен тырна атты» кітабы негізінде оқушыларды кітап оқуға баулып, барлығы мұқият тыңдап кітапқа деген  жобасы аясында қызығушылықтары артты. Сонымен қатар 4 «Ә» сыныбы «Оқуға құштар сынып» жобасы аясында ата - анамен бірлескен   «Бірге кітап оқиық!» эстафетасын Мейірбек Елнұрдың анасы жалғастырып, «Әлем халықтарының ертегілері» атты кітабы негізінде оқушыларға тәрбиелік мәні зор ертегілердің қысқаша мазмұнын түсіндіріп берді. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушылар ертегінің мазмұнын түсініп, қызықты тапсырмаларға жарыса жауап берді.

      «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» тақырыбы аясында  аймақтық мектеп лигасы өткізілді.  9- 11 сыныптар волейболдан жақсы дайындықтарын көрсете білді. Қатысушылардан 6 команда қатысып, біздің мектептің тарландары жүлделі III орынға ие болды. Жетекші дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Марат Мадалимов. Сыныптан тыс «Қыс қызығы» атты оқушылармен мектеп ауласында керемет ойын ұйымдастырылды.

       «Әдептілік адамгершілік бастауы» танымдық сабағы аясында мектебімізде бітіруші түлектерді арнайы шақырып, мектептен кейінгі өмірден сыр шертіп, керемет сұқбатқа ұласты. Сұқбат барысында түлектер оқушыларға мектеп қабырғасында жүргенде білім нәрімен сусындатқан ұстаздардан көп білім     жинақтап, алуды жете айтты. Мектеп бітірген соң жаңа өмірге қадам басқан кезде ұстздардың қадірін ерекше түсінетіндерін де айта кетті. Мектеп біздің бір қанатымыз болса екіншісі қанатымыз ата – ана болады, сол үшін де ата – ананы, ұлағатты ұстаздарымызды сыйлаудан кем қалмауымыз керек. Дәл уақытында берген ақыл кеңесті, білімді дұрыс қабылдап өмірде жоғарғы оқу орындарына түскен студенттеріміз өз қызықтарымен бөліссе, ал оқу орнына түсе алмай қалған түлектер Абай атамыз айтқандай «Қолымды мезгілінен кеш сермедім» деп білімге назар салмаған, тиісті балын алып жоғарғы оқу орнына түсе алмағандар қоғамдық қара жұмыспен айналысып жүргендерін айтты.

      Сонымен қатар мектебімізде «Әкелер мектебі» атты ер адамдардан құралған жоба өз жұмысын бастады. Жиналысты сынып жетекші Қайсар Халықұлы 9 сынып оқушыларының әкелерімен дөңгелек үстел ұйымдастырып, жиналыс барысында мінез құлық тәрбиесі бойынша, сабақ үлгерімі мен кибербуллинг және буллинг бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді. Әкелердің көмегі арқылы бірқатар алдағы жоспарлар өз кезегінде бірлесе талқыланып, бір нәтеже шығаруға барынша оқушыларымыздың білімді азаматтардан тәлім тәрбие, бағыт бағдар алуға өз көмегін тигізері анық. Бірлесіп ақылдасу нәтежесінде мектебімізге Ардақ Назаров, имам Нұрлан мызаны, Сырымбет мырзаны алдағы уақытта тәрбиенің жоспарының бастауымен шақыруды ақылдасты.

       9.02.2023ж  Бүгінгі  ұрпақ, келешек жастары, өз Отанының шынайы патриоты болуды осы ұлы тұлғамыздан үйреніп, елінің адал азаматтары болсын деген сеніммен 8 сынып және 9 сынып оқушыларымен қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың мұражайына саяхат жасалды. Саяхат барысында Д.А.Қонаев атамыздың өмірбаяны, ел басқарған кезеңіндегі еңбек жолында, отбасы мен Қазақстан халқына жасаған    көптеген еңбектері мен жақсылығын оқушылар терең түсінді.Сондай-ақ   оқушылар атамыз пайдаланған заттарын да   тамашалады.Бұрын білмеген мәліметтерді естіп ,қызыға тыңдап, бойларына сіңіріп қайтты. Тоғызыншы ақпан күні 8 сынып оқушылары және сынып жетекші мұғалімдермен Алматы қаласындағы Д.А. Қонаев музейіне бардық. Музейге кіре берісте бізді жылы жүзді, бар қазаққа түрі таныс кісінің суреттегі келісті келбеті қарсы алды. Ол аты аңызға айналған – Дінмұхамед Қонаев еді.  Өз заманының көрнекті саяси қайраткері болған, оның есімімен тұтас дәуір байланысты. Музей оқушыларға өте ұнады.Д.А. Қонаев жайында көптеген мәліметтер алды.

         Алматы қаласындағы халық ең көп келетін музей – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 90-жылдығына байланысты 2002 жылы ашылған. Д.А. Қонаев 1963 жылдан 1993 жылға дейін өмір сүрген мемориалдық музей-пәтер, ұлы тұлғаның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында 2012 жылы ашылды. Музей екі кешеннен тұрады. Бірінші кешен – Д.А. Қонаев музейі тұлғаның өмірі мен қызметіне арналған үш экспозициялық залдан тұрады. Музей экспозициясында Димаш Ахметұлының балалық және студенттік шағы, еңбек жолының басталуы, саяси, ғылыми және мемлекеттік қызметі туралы баяндайды.

Екінші кешен – Д.А. Қонаев өмірінің соңғы 24 жылын өткізген мемориалдық пәтер-музей. Музей экспозициясы келесі залдардан тұрады: Д.А. Қонаевтың жұмыс кабинеті, қонақ бөлмесі, жатын бөлмесі және ас бөлмесі.

Ақпан айының 17 күні мектебімізде Қарасай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Азаматтық қорғау аға лейтенанты Сабиров Нұрсұлтан мырза келіп, балаларға түсіндірме жұмыстарын өткізді. 1”Ә” сынып оқушылары мұқият тыңдап, есінде сақтап алды.

Қарасай ауданы бойынша дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығыныңбасшысы ДІБ,  ІСБ,     ББ, Аудан әкімдігі

Дәріскер«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры  РАТТ мүшесі 

Т.Нусипханұлы діни экстремизмнің алдын алу мақсатында «Теріс діни ағымдардың шығу тарихы және оның түрлері мен ерекшеліктері» атты тақырыпта түсіндіру жұмысын жүргізді. Қазақстандағы әртүрлі ҚМДБ қолдамайтын түрлі ағымның түрлерімен таныстырып, сол теріс діни ағымдардың ықпалына түскен азаматтардың тұлғасындағы өзгерістердің қалай байқалатынын, ҚМДБ ұсынатын діни уағызшылардың кім екенін атап өтіп, керісінше адасушылыққа апаратын уағызшыларды да тілге тиек етті. 9 – 11 сынып оқушылары қатысып көптеген мағұлматтар жинақтап, көкейінде жүрген сұрақтарды қойды.

Ауған соғысы – тарих, шындық, тағылым. Осы орайда 16 ақпан күні «Ауғанның асуында от кешкендер» атты іс-шара өткізілді. Ең алдымен  мемлекеттік Гимн орындалды.  Содан кейін ержүрек, қайсар жауынгерлердің арасында жат жердің болашағы үшін, бейбіт өмірі үшін, соғыста қаза тапқан батыр ағаларымызбен есіл бойдақтарымыздың рухына тағзым етіп, 1 минуттық үнсіздік жарияланды. 1 минуттық үнсіздіктен кейін 10 сынып оқушыларының дайындаған көрінісі тамашаланды. Тек оқушылар ғана емес, сондай-ақ АӘД пәнінің мұғалімі Ж.Сагимбаев ағай да жырдан шашу шашты. Ұстаздар мен оқушылар тарапынан кері байланыс беріліп, іс-шара жақсы аяқталды.

8 "Б"  сыныбында ашық тәрбие сағаты «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында өткізілді. Сабақ дөңгелек үстел түрінде болды. Оқушылар сабақта өз ой пікрлерімен бөлісті.

      Мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру, саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Сынып жетекші: Кетабаева Гулмира Хайтбаевна

        1 – наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке Алғыс айту күні. Алғыс айту адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Бұл күн шуақты көктемнің алғашқы күніне тұспа - тұс келетін мерекеде 7 сынып оқушылары мерекелік іс-шара өткізді. «Бірлік» туралы көрініс көрсетіп, оқушыларымызға керемет ой салды. Мерекеде түрлі ұлттардың киімін киіп әр тілде алғыс айтумен басталды. «Аяулы ана», «Ризамын» әндері шырқалды. Мектебімізден құралған бишілер тобы өз билерімен көрермендерге тамаша көңіл – күй сыйлады. 1-11 сыныптар арасында алғыс айту күніне байланысты ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым - қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мегзейді.

          Наурыздың 6 сы күні 11 сыныптар арасында «Ана-өмірдің гүлі» атты мерекелік іс -шара өткізілді. Мақсаты- ұстаздарды халықаралық 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтау және 11 жыл білім мен тәрбие берген ұстаздарға алғыстарын білдіру. Кешті 11 сыныптар сынып жетекшілерімен бірге ана туралы хормен бастады. Нұрлан Өнербаевтың ана туралы жыры бүкіл мәжіліс залын әуелетті. Содан кейін Елубайдың ана қабірімен сырласуы барлық мұғалімдердің жүрегін елжіретті. Ринат ана туралы ән айтып, Дана мен Жания ана туралы көрініс қозғады. Ананың қадірін білуді меңзеген көрініс көпшіліктің көңілінен шықты. Содан кейінгі кезекте Мейрамбек 6 сыныпта сынып жетекші болған Гульзия Султангазиевна марқұмды 1 минут еске алуды ұсынып, соңынан барлық пән мұғалімдеріне жарияланған алғысты видео арқылы көрсетті. Кеш соңында барлық оқушылар сахнаға шығып «Мектеп бізбен қоштаспайды» әнін шырқады. Әннен соң мектеп директоры Гаухар Жартасбаевна және басқа да ұстаздар түлектерге ақ жол тілеп, алғыс білдірді. Бастауыш сыныптар арасында 1 «Ә» сыныбы «Көктем аруы - 2023» атты қыз сыны байқауы өткізілді. Байқауға сыныптан 7 ару қатысты. Байқау 5 турдан тұрды. Әрбір турда арулар өздерінің жан – жақты дайындықтарын паш етті. Бұл байқаудың өткізілуіне ат салысқан ата-аналарға алғысымыз шексіз. Әділ қазылардың әділ бағалауының нәтежесінде 1 оқушымыз бас жүлде иеленсе қалған оқушыларымыз 1,2,3 жүлделі орындарға ие болды. Қалған сыныптар ашық тәрбие сағаттарын өткізіп, инстаграмм желілеріне жарияланды.  

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бір ән, бір кітап» тақырыбында 8 – 9 сыныптар арасында байқау өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру, кітапты сүюге, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығынтыру. Жоба шарты: 1. Команда құру 5-6адам 2.Автор туралы мәлімет 3.Шығарманы қорғау 4.Шығарма желісі бойынша үзінді оқу 5.Менің сүйікті кейіпкерім эссе жазу 6.Шығарма желісі бойынша сурет салу Шығарма желісі бойынша театрлық қойылым Ән бойынша: 1. Әннің авторы, шығу тарихы туралы мәлімет 2. Әнді орындау. Байқауда Бас жүлдені 9 «Ә» сынып оқушылары, 1орын 8 «Б» сынып оқушылары, 2 орын 8 «Ә» сынып оқушылары, 3 орын 8 «Б» сынып оқушылары иеленді. Ең үздік театрлық қойылым номинация иегерлері 9ә сыныбы. Эссе жазу байқауында ең үздік эссе номинациясымен Медеуова Нұрай марапатталды. Ең үздік ән орындау номинациисы бойынша 86 сыныбы марапатталды. Шығарма желісі бойынша қылқалам шебері номинация бойынша Баймурад Амина марапатталды.

Наурыз айының 6 жұлдызында «Бауырлас мектеп» меморандум аясында мектебімізге бауырлас Алтын ауыл мектебінің оқушылары мен ұстаздары келді. 8 – 11 сынып оқушылар келіп, 1 күндік сабаққа қатысып, өздерінің дайындаған орыс тіліндегі және ағылшын тіліндегі театырланған көріністерін көрсетті.

Домбырашылар челенджі – балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкалық өнер саласында шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны дәріптеу мақсатында шамалған ауылының мектептер арасынан шыққан домбырашы оқушылар барлығы бір мезетте «Ерке сылқым» күйін орындауға мектебіміздің оқушылары да қатысты. Бұл күйдің шығу тарихы қазақ аруының сұлулығын, кербез қылығын, тұтас бекзат болмысын қос ішектің күмбіріне сыйдырған. Бұл күйге Ә.Желдібаев 20 жыл уақытын жіберген. 17- наурыз   1-11 сыныптар арасында Наурыз мерекесіне " Қош келдің, ӘЗ -наурыз» атты мерекелік іс -шара аясында «Наурыз- думан» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрін үйренуге, құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту, талғампаздыққа, әсемдікке баулу. Сынып сағатында Наурыз мейрамы туралы көптеген мәліметтер беріліп, шығу тарихы туралы   айтылды.  Наурыз мерекесінде оқушылар құттықтау, бата, ұлттық тағам, ұлттық әшекейлерді жеке - жеке айтып тоқталды. Ұлдар «Ақсүйек», «Асық» ойындары ойналып, жарысы болды. Салт –дәстүрлерлерге тоқталып, оқушылар өздері дайындап келген баяндамаларын оқыды. Ұлыс келер түнi Қызыр бабаға арналып әр үйдiң төрiнде қос шырақ жағылатын болған. Үй иелерi бар ыдысты аққа, суға, «ырыс толсын» деп дәнге, «жауын-шашын көп болсын» деп бұлақ суына толтырады. Жылдың алғашқы күнiнде қар жауса «ақша қар», жаңбыр жауса «нұр жауды» деп шаттанған. Ертеректе ауыл адамдарын ұйқысынан тұрғызу үшiн қолданылған мынадай қызық дәстүр болған. Жастар асау тайыншаны құрықтап, оған ерттелген ашамайға зор қуыршақты таңып байлап, ауыл iшiне бос жiбередi. Мөңкiп тулаған асау ауылды азан-қазан етсе де, ешкiм бұған өкпелемеген. Күлiмдеп көрiнген күнге сәлем берiп, шаруаға кiрiседi. Наурыз күнi көзi ашылған бұлақтың суы сарқылмайды, ал егiлген талдың саясы мен жемiсi мол болады деп сенген. Жаңа сап түзеген шыбықтарға ақ шашу да жақсы ырым. 

       Қазақ салт дәстүрі бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл - ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күрес  қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.Сабақтар  сұрақ - жауаппен жалғасын тауып, бата берумен аяқталды.

      22 наурызда «Бауырлас мектеп» меморандум аясында Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі мен Алтын ауыл орта мектебінің өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары мен мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Қ.Халықтың бастамасымен тарихи қала қасиетті Түркістан қаласына барып, наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған концертті тамашалап көрді. Сонымен қатар тарихи мұражайлар Арыстан баб кесенесі мен Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып экскурсия жасап қайтты. Көне қалалардың орны әлі күнге дейін сақтаулы екенін өз көздерімен көріп, тамаша әсер алып қайтты.  

       Мектебімізде тәрбиенің жоспарына сай 27 наурызда өзін – өзі басқару ұйымына мектеп презезидентін сайлау өткізілді. Сайлауға мектебіміздің мұғалімдері комисся мүшелері мен қоса байқаушы топтары да ат салысты. Сайлауға мектеп ұстаздары мен 7 - 11 сынып оқушылары өз дуыстарын берді. Ең көп дауыс жинаған 10 сынып оқушысы Серікқали Дінмұхамед 105 дауы жинап, мектеп президентінің жұмысымен танысуға кәзіргі президент Мырзабек Елубайдың қасында жүріп, мектеп президентінің жұмыстарын жүйелі түрде үйренуге алғашқы қадамын бастады.

Көктем айы келіп мектеп ауласын көгалдандыруға байланысты мектеп ұстаздары мен 9-10 сынып оқушылары жас өскін ағаштарын әкеліп, мектебіміздің ауласына отырғызды. Отырылғызған жеміс ағаштарына күтім жасау, өсіру осы сыныптың оқушыларына тапсырылды. 

    «Рухы биік әкелер – ұлт болашағын мәпелер». Дәл осы тақырып аясында Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 12 ақпанында әкелер жиналысы өтті. Оқу тәрбие іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілген жиында отбасылық құндылықтар насихаттау мәселесі күн тәртібінің бірде бірегей түйіткілі реттінде қарастырылып талқыланды. Осы орайда алдағы уақытта сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен жекелей сынып ішінде әкелер чаты ашылып, мектепішілік әкелер қоғамдық бірлестігі құрылатын болып шешім қабылданды.

2023 жылы сәуір айының 4 ші жұлдызында, әкелер мектебінің 2 кезекті отырысы болды, «Тыңда, құшақта, сөйлес» атты психологиялық тренингі өтті. Сонымен қатар, жиналыс барысында «Әке көрген оқ жонар» атты пікірсайыс та қолға алынған. Бұл ретте, басты мақсат – отбасындағы бала тәрбиесі және ондағы әкенің рөлі. Әкелер мектебінің міндеті - әкенің отбасындағы рөлін нығайту, отбасы құндылықтарын қалпына келтіру, салт - дәстүрлерді дәріптеу.
       Жиынға мектептің тәрбиеге жауапты мамандары мен сынып жетекшілер, бір кісідей атсалысты. Ұрпағына ие болмаған, ұлтынан айырылады демекші, дәл осы ұстанымды алға тартатын әкелер мектебі, мұндай іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастырмақ ниетте екенін айтып өтті. Жиналыс барысында әкелер мектеп әкімшілігіне өз ойларында жүрген ұсыныстарын да айтты.

Жергілікті елді мекендерде орналасқан ескерткіштерді қорғау, насихаттау мақсатында «Ескерткіштер – елдігімнің белгісі» атты мәдени – танымдық іс-шара аясында мектебіміздің 6-10 сынып оқушылары арасында Қаскелең қаласындағы Қарасай аудандық тарихи өлкетану мұражайына барып, сондағы қойылған жергілікті жерден табылған, көне жәдігерлер жайлы толық мағұлмат алып қайтты.

"18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар" күніне орай  " Ә. Бұқарбайқызы" атындағы қазақ орта мектебінің 10  "Ә" сынып оқушылары сынып жетекшісі Берекетова Рысты Жүсіпқызының ұйымдастыруымен   Қаскелең қаласындағы "Наурызбай батыр" ескерткішіне барып батыр рухына тағзым етіп кайтты.

Мақсаты : Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар, елеулі мәдени - тарихи және сәулет ескерткіштері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.2022-2023 оқу жылының 20 – сәуір күні 11 – сынып оқушыларымен Т. Рысқұлов мектебінде қонақта болып, сабақтарына қатысып болған соң Жыр алыбы – Жамбыл атамыздың музейіне саяхат жасадық. Экскурсия барысында, оқушылар музейдегі тарихи жәдігерлермен танысып, білім көкжиектерін кеңейтті. Оқушыларға, әсіресе, ұнағаны қазақтың қолданбалы өнері мен тұрмыстық заттары қойылған зал болды. Ер балалар ондағы қазіргі күні өздері қолданып жүрген ер – тұрман түрлерін көріп, қызығушылық танытса, ал қыз балалар көрпе, түскиіз бұйымдарға аса мән берді. Балалар керемет әсер алды. Есте қаларлықтай тамаша күн болды.

«Отбасыммен бірге өткізген қуанышты күндерім!» тақырыбы аясында және «Оқырман отбасы» облыстық челлендіжіне мектебіміздің оқушылары Бейсенбай Назерке 11 сынып, Бейсенбай Айдидар 8 сынып, Бейсенбай Бұқари 4 сынып, Бейсенбай Зерде 4 сынып оқушылары ата-аналарымен, отбасы мүшелерінің қатысуымен «Оқырман отбасы» облыстық челендіжіне видео түсіріліп, жолданды.

      Біз, қазақ ата- бабамыздың найзаның ұшымен,білектің күшімен қорғаған кең   байтақ даласында 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерімен бір шаңырақ астында көк туымызды желбіретіп,

достық, сыйластық және ынтымақта тату өмір сүріп жатқан елміз.Соның құрметіне 1-мамыр елімізде бірлік күні ретінде тойланады.  

Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт пен шаттық, мол табыс тілейміз!

Татулық , бірлік мерекесіне орай 1" В" сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Бегешева Э. А сіздерге мерекелік құттықтауларын жолдайды

4-мамыр күні мектебімізде сынып жетекшілер арасында "Үздік сынып жетекші" байқауы өтті.

Байқау 6 кезең бойынша өткізілді.

Сынып жетекшілер қатысып, өз бақтарын сынады.


Нәтижесінде

🥉 3 - орын  Акашова Молдир Тилепбергеновна

🥈2-орын Халық Қайсар 

🥇1- орын Айтбаева Жулдыз Серикбаевна

🏆Жас жүлде - Кетабаева Гулмира Хайтбаевна

     Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебіміздің АӘД пәнінің мұғалімі Жарас Оналсынұлының бастамасымен 5,6,7,8,9,10,11 сыныптар арасында 7-мамыр “Отан қорғаушылар” күніне 31 жыл толуына орай және Ұлы Отан Соғысының Жеңісіне 78 жыл толуы қарсаңында мектепішілік салтанатты әскери шеру өткізілді. Салтанатты әскери шеруге қатысып, үлес қосқан баршаңызға алғысымызды білдіреміз.

Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бегешева Эльмира Абайқызы 1 ”В” сынып оқушыларымен Ұлы Отан Соғысының Жеңісіне 78 жыл толуы қарсаңында “Ұлы елдің жас ұландары “ атты мерекелік іс - шараны өткізді. Салтанатты кеште оқушылар ән айтып, мазмұнды тақпақтар мен би билеп, монологты да оқыды. 1 сынып оқушыларының керемет талантарына мектеп директоры Гаухар Жартасбаевна өз алғысын білдіріп, көрермен көзайымы мен алғысына бөленді. Еліміздің өсіп келе жатқан жас ұландары жасай берсін!!!

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 6 “Б” сыныбы концерттік бағдарлама көрсетті. Бағдарлама барысында әр түрлі ұлттардың биін билеп, ән айтылды. Сонымен қатар салт дәстүрлерінен үзінді қойып, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халықтардың бір шаңырақ астында бірлігі мол, тату- тәтті өмір сүре білетіндігін айқындай түсті.

 “Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі” КММ 

12 мамыр күні “Террористік ланкестік іс-әрекетке қарсы іс-қимылды жүргізуге арналған оқу-жаттығу өткізілді. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылғы 27 сәуірдегі №15-11/Б-272 лп тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 12 мамырда оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Ж.Сагимбаев - АӘжТД пәні мұғалімі терроризмге қарсы оқу жаттығулар  бекітілген алгоритм бойынша, мектеп оқушыларымен терроризмге оқу жаттығу іс-шаралары жүргізіліп пысықталды.

          Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылғы 27 сәуірдегі №15-11/Б-272 лп тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 12 мамырда оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Сонымен қатар ДТІЖО Л.Оспанова мен Ж.Сагимбаев - АӘжТД пәні мұғалімі терроризмге қарсы түсіндірме жұмысын жүргізіп, мұғалімдер мен оқушыларға, мектеп персоналына,  оның ішінде күзет ұйымдарына алгоритмдерге сай (іс-қимылдар мен міндеттерге) сәйкес нұсқама берілді.

       Техникалық құралдардың (дабыл түймесі, турникеттер және бейнекамералар) жұмыс істеуін, сондай-ақ дабыл түймелері арқылы жедел әрекет етумен қатар қай жерде орналасқаны туралы хабардар етілді. 1-11 сынып арасында сынып жетекшілері ата-аналар чатына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

       Бүгінгі мектебімізде Шамалған ауылдық мәдениет үйімен бірлесе отырып 4-сыныптар арасында 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай "Әке, ана, бала"  атты эстафеталық сайыс өткізілді.

       Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебінің 8 “А” сынып оқушыларымен өткен

 “ Отбасы-Бақыт мекені” атты сынып сағаты.

Сынып жетекшісі: Мухамедярова Г.Ж.

            1 “Ә” сыныбында “Адалдық- адамшылық бастауы” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік беру.

Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін  мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту. 

2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету. 

3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.


Сынып жетекші: Ахметова А.Ж.

Лаззат Амировна: Мектебімізде Шамалған ауылдық мәдениет үйімен бірлесе отырып 4-сыныптар арасында “15 мамыр Халықаралық отбасы күніне” орай "Әке, ана, бала"  атты эстафеталық сайыс өткізілді. Ең басты мақсат ұстаз, оқушы, ата-ана үштік одақты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. 

Бас жүлдені иеленген 4 “А” сыныбы Исмойловтар отбасы.

I орын 4 "В" сыныбы

Өсербайлар отбасы.

II орын 4 “Б” сыныбы Момынқұловтар отбасы.

III орын 4 “Ә” сыныбы Азатовтар отбасы марапатталды. 

Марапаттарыңыз құтты болсын! 👏👏👏

         Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амреева Назгул Жексенгалиевна 2”А”оқушылары “Отбасым-бақыт мекенім” атты сынып сағатын өткізді.Сабақта оқушылар мазмұнды тақпақтар мен отбасы суреттерін салып ,   "Ертеңге қалдыруға бола ма?" атты сахналық қойылыммен қызықты өткізді.Әрбір бала бақытты ,толық отбасында өсуі үшін ата-ананың маңызы зор…Отбасымыз аман болсын

 «2022-2023 оқу жылының қорытындысы» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы

         Жиналыс барысында мектеп директоры Г.Ж. Катубаева: «2022 – 2023 оқу жылында 767 оқушы мен мектепалды даярлық топта 30 оқушымен аяқтағалы отырғандығы туралы атап өтті. Үздіктер саны – 156, екпінділер саны – 264. ҚР Оқу – ағарту Министрінің бұйрығына сәйкес мектептерде оқу мерзімі 2023 жылдың 31 мамырда аяқталады. 1- 11 сыныптарға 31 мамырда соңғы сабағы өтеді. Бұл күні барлық сыныптарға бекітілген кестеге сәйкес өз сабақтарын жүргізеді. Сабақ соңында әрбір сынып жетекшісі сынып сағатын өткізеді. Сынып сағатының мақсаты – оқу жылын қорытындылау, 90 күнге созылатын жазғы демалысқа тапсырма беру, қауіпсіздік шараларын айту, алдын-ала жоспарлап ұйымдастырылған демалыстың артықшыл…

         Мектебімізде "31мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында жоғары сынып оқушыларының ат салысыуымен" Ұлт тарихынлағы  зұлмат жылдар қасірет"атты іс-шара өтті. Мектеп оқушылары сонау XXғасырлың басындағы Алаш арыстарының ұлты үшін аянбай еңбек еткен өмір жолдарынан үзінді келтіре отырып 1937-1938 репрессия жылдардағы Алаш арыстарының азапты өмірінен Театрланған қойылым көрсетті.... Осынау азғантай қойлым арқылы мектеп оқушыларының жүрегінен жол тапты.ұлт жанашырларының Тәуелсіздік жолындағы ерен ерліктерінен  үлгі көрсетті... Біз ешқашан  Тәуелсіздік жолында жанын пида еткен Алаш арыстарын ұмытпаймыз. Оларға  тағзым етеміз...!

         Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебінде 27_мамыр күні "Сарқылмас ұлылықтық бастауысың, саған мәңгі басымды ием, Бастауышым" атты мектебіміздің алдында әсем безендірілген ортада 4 “А” сыныбы, сынып жетекшісі Карлыға карбузовна, 4 “Ә” сыныбы, сынып жетекшісі Даметай Ыкласовна, 4 “Б” сыныбы, сынып жетекшісі Айгерім Аманбаевна, 4 “В” сыныбы, сынып жетекшісі Гульмира Матыгуловна керемет кешті ата-аналардың қатысуымен өткізілді. Шараның басында мектебіміздің директоры Гаухар Жартасбаевна жаңа буынға қадам басқалы отырған білім алушыларымызға жүрек жарды тілегін жеткізді.

       Бастауыш сыныппен қоштасу кеші жаңа нұсқада өткізілді. Әні мен биімізбен көпшілікті тамсандырып, кішкентай ғана түлектердің ұстаздарына арналған арнауына көзімізге жас алсақ, lana dance …

       29.05.2023ж. Мектеп кітапханасында 31мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай "Зұлмат жылдар зардабы " атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдыздары, өз халқын отаршылдық бұғауынан азат, өркениетті, дербес және тәуелсіз жағдайда көруді армандап, ұлт келешегі үшін ұлы істер атқарған Алаш арыстарын еске алып, мәңгілік жадына сақтауға, оқушыларға елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Мектеп кітапханашысы А.Нұрбекова. "Зұлмат жылдар зардабы "атты кітап көрмесімен таныстырды.

         Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі КММ 1маусым балаларды қорғау күніне орай,«Мен өмірдің гүлімін» атты спорттық жарыс өтті. Мақсаты: Балаларды қорғау күні туралы түсінктерін бекіту. Ойын сауықта: Мың бұралған бишілеріміз үнді, қазақ билерін биледі.«Лана Дэнс» би тобының қыздары өнерлерін көрсетті.Бүлдіршіндерімізжеке әндер орындап көрермендеріміздің көңілінен шықты.Балалар қорғау күніне байланысты мәнерлеп өлең шумақтарын оқыды.Дене шынықтыру пән мұғалімдері эстафеталық ойындар ұйымдастырды: қол күрес, арқан тарту т.б. Ойын сауығымыздың соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оспанова Л. А сөз кезегін беріп,«Лана Дэнс» би тобының қыздарын марапаттады. Сонымен қатар барлық бүлдіршіндерімізге балмұздақ таратылды. Өткізілген шараға балалар белсене атсалысты.

          “Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі” КММ - де мектеп ұжымы мен оқушылар 4 маусым күні сағат 11:00 де біріңғай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады.

        Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебінде 2023 жылдың 1 маусымында «Балауса»

        Демалыс-тынығу лагерінің ашылу салтанаты болды: Мақсаты: “Балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану турал түсінік беріліп, жас ұрпақтың денінің сау болып, келешекте жаман әдеттерден аулақ, өз елінің қоғамның, салаустты өркениетті, білімді елін сүйетін, табиғатын аялап қорғайтын азаматтар болуға қалыптасытыру.

        Балалар керемет әндер айтып, флешмоб, қазақ, орыс, үнді билерін билеп, өлеңдер шумақтарын оқыды. Өткізілген іс- шараға балалар белсенілікпен атсалысты.

        Мектебімізде бауырлас мектеп жобасы аясында Назарбаев зияткерлік мектеп түлектері, біздің 5/10 сыныптар арасында "Ағылшын тілін үйренемін" атты жобасымен оқушыларға онлайн платформада қосымша сабақтар өткізді. Оқушыларымыз 3 ай бойы оқып, ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтары артты. Сабақтар аяқталғанда оқушылар Назарбаев зияткерлік мектебіне арнайы шақырту алып, сертификаттармен салтанатты түрде марапатталды. Сонымен қатар мектеп директоры Катубаева Гаухар Жартасбаевна мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне үлес қосқаны үшін арнайы Алғыс хатпен марапаттады. Марапаттарыңыз құтты болсын👏👏👏

“Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі” КММ   “Рәміздер-елдіктің белгісі”атты рәміздер күніне орай 10 сынып оқушыларымен библиографиялық шолу өткізілді.

Мақсаты:Елдігіміздің,егемендігіміздің айшықты белгілері-рәміздер туралы кеңінен мағлұмат беру,елін,жерін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу,ой-өрісін кеңейту және рәміздерді құрметтеуге үйрету,ол туралы жазылған тарихи кітаптарға шолу жасау жасап,насихаттау. Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебінің 5 сыныптар арасында “Мақтанышым рәміздерім”тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнің қастерлеп, құрметтеуге, тарихын білуге тәрбиелеу.

1 маусым күні мектебімізде 9,10,11 сыныптарға арналған «Ұлы жолға бас қадам!!!»   атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.  Бұл – оқушылар үшін бір жылдық ізденіс пен талаптанудың қорытындысы, жаңа белеске қадам басудың белгісі. Ал жас түлек үшін ерекше күн. Олар үшін мектеп қоңырауы соңғы рет соғылды. 1-10 сыныптардың білім алушылары ұстазының үнін сағынатынын сезсе де, 3 айлық демалыстан кейін келетініне, кездесетініне сеніп, уақытша қоштасқаны мәлім. Ал мектеп қабырғасына қайта келмейтінін, ендігі болашаққа үлкен үмітпен қадам басқан білімсүйер түлектердің  тұла бойын қимастық билегені анық. Мерекелік шараны бастамас бұрын  ҚР - ның Мемлекеттік Туы көтеріліп, Гимн орындалды. Салтанатты жиын мектебіміздің директоры Г.Ж. Катубаеваның құттықтау сөзімен басталып,
 9-11 сынып оқушыларының өнерімен жалғасын тапты. 
Ту табысталып, ән шырқалып, би биленді. Ата-аналар мен ұстаздардың жүрек жарды лебізі тыңдалып, жас түлектердің мектеп пен ұстаздарға айтқан алғысын естіп, 11 сынып оқушыларына ерекше көңіл-күй сыйлап, қимастықпен шығарып салды. Салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті. 


 Орындаған ДТІЖО Л.Оспанова

Похожие публикации:

29 декабрь 2022 Іс-шара
01 сентябрь 2022 Іс-шара
17 март 2022 Іс-шара
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив