Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебінің директоры
Өмірбаян
Катубаева Гаухар Жартасбаевна 14.04.1974 жылы Алматы обылысы Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. «Сергей Миронович Киров» атындағы мектепке 1981 жылы 1-сыныпқа барып, 1991 жылы 10 сыныпты аяқтады. Мектепті аяқтаған жылы Шамалған ауылы «Су шаруашылығы» коледжіндегі «техник экономист» мамандығына түсіп, 1994 жылы аяқтады.
1992 жылы тұрмысқа шығып, 1993 жылы ана атанды. 1994 жылы Шамалған ауылында «Самал» жекеменшік қожалығында «есепші» болып жұмысқа орналасты.
1999-2004 жылдары Қаскелен қаласындағы «Өнер мектебінде» көркем өнер жетекшісі болып қызмет атқарды. 2004 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педогогикалық Институтындағы «Кәсіптік оқыту» бойынша оқуға түсіп, 2007 жылы бітіріп шықты.
2004-2014 ж.ж. дейін «Қарасай батыр атындағы орта мектепте» технология пәні мұғалімі болып қызмет істеді. 2014 жылдың 1 қарашасынан бастап 2016 жылдың 1 қыркүйегіне дейін «Үшқоңыр қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызметке қабылданды.
2016 – 2020 жылдары «Үшқоңыр қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2020 жылдың тамыз айынан бастап «Үшқоңыр қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды.
Қазіргі таңда мектебіміз «Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі» деп аталады.
Отбасы жағдайы – тұрмыс құрдым. Жолдасым — Катубаев Самат Омурбаевич, ұлты қазақ, білімі жоғары. Ұлым — Омурбаев Дастан Саматұлы 1993 жылы туылған, білімі жоғары.
Тұрғылықты мекен-жайым Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, Панфилов көшесі, №89 үй