22
апрель
2022
Іс-шара
Оқушылар табиғатқа деген қарым - қатынасын тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Табиғат тамашалары" атты 7 сыныптар арасында сурет байқауы өткізілді. Байқауға қатысушылар өте белсенді ат салысты. Суреттер көркем бейнеленген, ғажайып табиғаттың жарқын бейнесімен қатар бастысы тірі табиғаттың шынайы көрінісін айқындап тұрғандай бейне елестейді. Оқушылар өздерінің жұмыстарына табиғат көріністері сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктер әлемін бейнеледі. Іс - шара соңында қатысушылар мақтау қағаздармен марапатталды.