Әлеуметтік педагогтың атқарылған жоспарының жылдық мәліметі » "Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әлеуметтік педагогтың атқарылған жоспарының жылдық мәліметі
03
июль
2023

Әлеуметтік педагогтың атқарылған жоспарының жылдық мәліметі

2022-2023 оқу жылындағы атқарылған  жұмыстардың

жылдық қорытынды мәліметі



        2022-2023 оқу жылында  I тоқсанның қорытындысы бойынша  6 «Ә» сынып, сынып жетекшісі Акашева Мөлдір  және 6 «Б» сынып, сынып жетекшісі Нусипбекова Диана.  Осы сыныптарда кейбір сабақтардан тоқсандық қорытындысы  елу пайыздан төмен болуына байланысты   мектепішілік бақылауға алынды . Мектепішілік  бақылау барысында «Ата-ана-мектеп-оқушы» жобасы бойынша жоспар құрылып, жұмыстар жіргізілді . Сыныптармен  өткізілген ата-аналар жиналысы өте нәтижелі болды. Жиналысқа ата-аналардың сексен пайызы қатысып, сауалдарға жауап беріп, психолог Сауыт Ақлайләнің өткізген тренингтеріне белсене қатысып, жиналыс соңында кері байланыс беріп, рақметтерін айтып , бірлесе жұмыс істеуге ризашылықтарын білдірді. 

        Жыл бойы жалғасатын  «Қамқорлық акциясы»  барысында   сынып жетекшілермен   байланыс жасау нәтижесінде  әлеуметтік  көмекті қажет ететін  оқушылар анықталды.  Оларға мектеп ұстаздары тарапынан қаржылай көмек жиналып, азқамтылған отбасында тәрбиеленуші  11 «А» сынып оқушысы Бақтыбай Дарханға  қыстық куртка берілді. Толық емес отбасында тәрбиленуші  5 «Б» сынып  оқушысы   Абирова Жанелге   36 размерлі қыстық аяқ киім берілді. Көрсетілген көмекке ата-аналар ризашылығын білдіруде.10 «А» сынып оқушысы толық емес отбасында тәрбиеленуші  Асқар Інжудің мектеп формасын ( юбка)  мектеп әкімшілі тарапынан қаржылай көмек жинап, алып берді. Мектеп  әкімшілігі тарапынан көрсетілген  көмекке анасы   ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. 

23 желтоқсан күні «Апорт молл» сауда орталығында Қарасай ауданы әкімінің балаларға арналған жасыл шыршасы өтті. Мерекелік шараға мектебімізден 2 оқушы қатысты. Олар: 4 б сынып оқушысы Асқар Нұрсұлтан мен 5 б сыныбының оқушысы Абирова Жанель. Балалардың қуанышына аудан әкімі Естенов Жасұлан Тоққожаұлы  ортақтасып, оларды жаңа жыл мерекесіменқұттықтады.
           Аяз ата мен Ақшақарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған оқушылар ән-жырдан шашу шашып, өнерлерін ортаға салып, аяз атаның шашуына ие болды. Аяз ата мен Ақшақар тек өздері ғана емес, сондай-ақ капитан Джек Воробей, қоян, т.б. кейіпкерлерді ерте келген. Жасыл шырша жанына жиналған кейіпкерлер түрлі ойындар ойнатып, би билетіп, балалардың көңілін көтерді. 

Мерекелік шара соңында балаларға тамақ берілді. Жаңа жылдық сыйлық ретінде қыстық киімдер мен тәттілер үлестіріліп, «Funky town» ойын-сауық паркінде  бір сағат ойнау мүмкіндігі берілді. 

         Мектебімізден Аудан әкімінің 2023 жылғы жаңа жылдық шыршаға  4 «Б» сынып оқушысы  Асқар Нұрсұлтан  мен  5 «Б» сынып оқушысы Абирова Жанель қатысып қайтты. Балалардың көңіл-күйі көтеріліп , жасыл шырша қасында әдемі әндерін айтып, билерін билеп , аудан әкімінің қолынан  тамаша сыйлықтарын алып қайтты. Осындай іс-шараны  ұйымдастырып, бас болып жүрген ел ағаларына алғысымызды білдіреміз!


        2023 жыл Жаңа жыл мерекесі қарсаңында  «Хамле» ЖШС тарапынан ауданымыздың мектептеріне   тәттілер салынған аспалы сөмке сыйға таратылды. Үйден оқитын 3 «А» сынып оқушылары Жанғабыл Нұрланұлы мен Илена Айкөркем , 6 «Ә» сынып оқушысы  Сандиева Жанерке , 8 «А» сынып оқушысы  Жадігер Алмат әндерін айтып,билерін билеп аяз ата мен ақшақарың қолынан сыйлықтарын алған оқушыларымыз бен ата-аналар қуанышпен алғыстарын жаудырып жатты. Осындай игі бастаманы ұйымдастырған  «Хамле» ЖШС   ұжымын Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, жомарт жүректеріңізбен қайырымдылық шараға ат салысқандарыңыз үшін   алғысымызды білдіреміз!       

       6 «Ә» сынып жетекшісі Акашева Мөлдір Тилепбергеновна оқушыларын ұйымдастырып сыйлықтарын алып , Жанеркені құттықтап, бір қуанышқа бөлеп қайтты.

      09.01.2023 жылы мектеп асханасы іске қосылып, жалпыға білім беру қорынан   бөлінген бөлінген қаржы есебінен материалдық жағдайларына байланысты, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шықан балалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардын шыққан балалар, көпбалалы әлеуметтік жағдайы төмен, азқамтылған оқушыларға 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап  ыстық тамақпен қамтылған 144 оқушыға 2023 жылдың 09 қаңтар айынан бастап ата-аналар  өтініші негізінде  16 білім алушы қосымша тегін ыстық тамақ тізіміне  қосылды. 

       Осы қысқы демалыс кезінде 06.01.2023ж  жалпыға білім беру қоры есебінен  тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген  бір отбасының білім алушылары  5 «Ә» сынып Теңізбай Нұржігіттің  және  7 «А» сынып   Теңізбай Жанасылдың басқа мектепке ауысуына байланысты  бұйрық шығарылып, тегін ыстық тамақ тізімінен алынды. Сонымен қатар  білім алушылардың ата-аналары  өз еріктерімен  тегін ыстық тамақтан қолхатпен бас тартуына байланысты 15 оқушының қолхаты тіркеліп, бұйрық шығарылып, тізімнен алынды. Әр оқушының орнына  әлеуметтік мәртебесіне байланысты басқа сыныптардан білім алушылар тізімге енгізіліп, ыстық тамақпен қамтылды. 

     Мектеп асханасына  әкімшілік және сынып жетекшілер кезекшілік  кестесі құрылды. Тегін ыстық тамақпен қамтылған  білім алушылар тізімі бекітіліп, кесте жасалып,   асхана тақтайшасына  ілінді. Кезекшілік кесте бойынша оқушылардың тамақтануын сынып жетекшілер және әкімшілік тарапынан  қадағаланады. 

09.01.2023 жылы мектеп асханасы іске қосылып, жалпыға білім беру қорынан  бөлінген бөлінген қаржы есебінен материалдық жағдайларына байланысты, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шықан балалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардын шыққан балалар, көпбалалы әлеуметтік жағдайы төмен, азқамтылған оқушыларға 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап   ыстық тамақпен қамтылған 144 оқушыға 2023 жылдың 09 қаңтар айынан бастап ата-аналар  өтініші негізінде  16 білім алушы қосымша тегін ыстық тамақ тізіміне  қосылды. 

       Осы қысқы демалыс кезінде 06.01.2023ж  жалпыға білім беру қоры есебінен  тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген  бір отбасының білім алушылары  5 «Ә» сынып Теңізбай Нұржігіттің  және  7 «А» сынып   Теңізбай Жанасылдың басқа мектепке ауысуына байланысты  бұйрық шығарылып, тегін ыстық тамақ тізімінен алынды. Сонымен қатар  білім алушылардың ата-аналары  өз еріктерімен  тегін ыстық тамақтан қолхатпен бас тартуына байланысты 15 оқушының қолхаты тіркеліп, бұйрық шығарылып, тізімнен алынды. Әр оқушының орнына  әлеуметтік мәртебесіне байланысты басқа сыныптардан білім алушылар тізімге енгізіліп, ыстық тамақпен қамтылды. 

     Мектеп асханасына  әкімшілік және сынып жетекшілер кезекшілік  кестесі құрылды. Тегін ыстық тамақпен қамтылған  білім алушылар тізімі бекітіліп, кесте жасалып,  асхана тақтайшасына  ілінді. Кезекшілік кесте бойынша оқушылардың тамақтануын сынып жетекшілер және әкімшілік тарапынан  қадағаланады

     2023 жылыдың қаңтар айының  09 бастап   мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпен қамтылған 144  оқушыға ата-аналар  өтініші негізінде  16 білім алушы жалпыға білім беру қорынан  бөлінген қаржы есебінен материалдық жағдайларына байланысты, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардын шыққан балалар, көпбалалы әлеуметтік жағдайы төмен, азқамтылған оқушылар қосымша тегін ыстық тамақ тізіміне  қосылды. 

      Қысқы демалыс кезінде 06.01.2023ж  жалпыға білім беру қоры есебінен  тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген  бір отбасының білім алушылары  5 «Ә» сынып Теңізбай Нұржігіттің  және  7 «А» сынып   Теңізбай Жанасылдың басқа мектепке ауысуына байланысты  бұйрық шығарылып, тегін ыстық тамақ тізімінен алынды. Сонымен қатар  білім алушылардың ата-аналары  өз еріктерімен  тегін ыстық тамақтан қолхатпен бас тартуына байланысты 15 оқушының қолхаты тіркеліп, бұйрық шығарылып, тізімнен алынды. Әр оқушының орнына  әлеуметтік мәртебесіне байланысты басқа сыныптардан білім алушылар тізімге енгізіліп, ыстық тамақпен қамтылды. 

     2022-2023 оқу жылында әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға жалпыға бірдей   білім беру қорынан  160 тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушыларға  – 13 млн 920.000 (он үш миллион тоғыз жүз жиырма мың ) теңге қаражат бөлінген. 30 оқушыға жаздық тегін сауықтыру лагеріне –1 мин 200.000 (бір миллион екі  жүз мың) теңге қаражат бөлінген . Қаржылай көмек көрсетуге  әр балаға   40.567 ( қырық мың  бес жүз алпыс жеті ) теңге  қаражат қарастырылған.

        16.02.2023жылы  «оқыс айтып келмейді» - демекші, мектебіміздің 4 «В» сыныбының  оқушысы мен 3 «А» сынып оқушысы Палуаниязова Перизаттың отбасында төтенша жағдай орын алды . Олар тұрып жатқан   екі бөлмелі  жалдамалы пәтер   16 ақпан күні  таңғы сағат 04:30 шамасында  тоңазытқыштың тоқтарының тұйықталуы салдарынан  өрт шыққан. Отбасы мүшелері дін аман, күнделікті тұтынатын киім –кешек пен балалардың оқу құралдары, мектеп формасы  жанып кеткен. «Қамқорлық- адам жанының нұры»- демекші  10 «Ә» сыныбының оқушылары мен  сынып жетекшісі Рысты Жүсіпқызының бастамасымен  қаржылай көмек берілді. Мектеп әкімшілігі тарапынан   қыстық етік пен  мектеп формасы (жакет) берілсе, асхананы жалға алушы   Мика апайымыз балаларға тәтті тоқаштары мен бәліштерін  беріп жіберді. Аманатты  иесіне табыстадық.Б асына іс түскен  отбасына дәл қазіргі кезде қандай көмек болса да артық емес. «Жақсылық- көрсең асыр, жақсылық- қылсаң жасыр» -деп дана халқымыз айтқандай , жария ,жасырын берген көмектеріңіз үшін рақмет!

             2022-2023 оқу жылының ақпан айында көмекке мұқтаж отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік көмекпен қамту мақсатында   қайырымдылық акциясы мектебімізде жалғасын тапты.

        Демеушілк  көмек көрсету мақсатында   жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде      5 «А» сыныбының жетекшісі Бағила Сермахановнаның   оқушысы Азатқызы  Анельдің ата-анасы  Сайымбетов  Азат ағамыз бен Қоңырбаева Зейнеп апайымыз  үлкен бастама көтеріп,  3 отбасына 150.000 теңге  қаражат шамасында   азық-түлікпен   қамтамасыз етті. 

      Аз қамтылған , көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан 5 «А» сынып  оқушылары Казыбаев Алихан, Адилбаев Асылбек, Сексенбаев Нұрсұлтанның отбасына көмек көрсетті.    

       Осындай жақсылыққа жаны құмар «Әр қазақ менің жалғызым» деп көмек қолын созған жомарт жүректі Зейнеп апайымызға алғысымыз шексіз. Сайымбетов  Азат ағамыз бен Қоңырбаева Зейнеп апайымыздың бұл бастамасы көпке үлгі боларлықтай! Сіз де көмек қолын созам десеңіз, қазақтың қаракөз баласы  сіздің көмегіңізді күтуде...

          Қазақстан Республикасы  оқу-ағарту министрлігінің  2022 жылғы  20 шілдедегі   №6-15-2/3135-И  хатына сәйкес  аз қамтылған және көпбалалы  отбасылар қатарындағы  оқушылврға , жетім  балалар мен   ата-анасының қамқорлығынсыз қалған   балаларға  «Мектепке жол»  Республикалық   акциясы  өткізілетінін хабарлайды. 

        Ағымдағы жылы  бұл әлеуметтік бағытталған  «Мектепке жол- Шекарасыз жақсылық»  ұранымен   өткізіледі.

           2023 жылының  ақпан айында  көмекке мұқтаж отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік көмекпен қамту мақсатында   «Мектепке жол- Шекарасыз жақсылық» қайырымдылық акциясы мектебімізде жалғасын табуда.

         Демеушілк  көмек көрсету мақсатында   жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде      5 «А» сыныбының жетекшісі Бағила Сермахановнаның   оқушысы Азатқызы  Анельдің ата-анасы  Сайымбетов  Азат ағамыз бен Қоңырбаева Зейнеп апайымыз  үлкен бастама көтеріп,  3 отбасына 150.000 теңге  қаражат шамасында   азық-түлікпен   қамтамасыз етті.  Аз қамтылған , көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан 5 «А» сынып  оқушылары Казыбаев Алихан, Адилбаев Асылбек, Сексенбаев Нұрсұлтанның отбасына көмек қолын  көрсетті.    

       Осындай жақсылыққа жаны құмар «Әр қазақ менің жалғызым» деп көмек қолын созған жомарт жүректі Зейнеп апайымызға алғысымыз шексіз. Сайымбетов  Азат ағамыз бен Қоңырбаева Зейнеп апайымыздың бұл бастамасы көпке үлгі боларлықтай! Сіз де көмек қолын созам десеңіз, қазақтың қаракөз баласы  сіздің көмегіңізді күтуде...

               16.02.2023жылы  «оқыс айтып келмейді» - демекші, мектебіміздің 4 «В» сыныбының  оқушысы мен 3 «А» сынып оқушысы Палуаниязова Перизаттың отбасында төтенша жағдай орын алды . Олар тұрып жатқан   екі бөлмелі   жалдамалы пәтер   16 ақпан күні  таңғы сағат 04:30 шамасында  тоңазытқыштың тоқтарының тұйықталуы салдарынан  өрт шыққан. Отбасы мүшелері дін аман, күнделікті тұтынатын киім –кешек пен балалардың оқу құралдары, мектеп формасы  жанып кеткен. «Қамқорлық- адам жанының нұры»- демекші  10 «Ә» сыныбының оқушылары мен  сынып жетекшісі Рысты Жүсіпқызының бастамасымен  қаржылай көмек берілді. Мектеп әкімшілігі тарапынан   қыстық етік пен  мектеп формасы (жакет) берілсе, асхананы жалға алушы   Мика апайымыз балаларға тәтті тоқаштары мен бәліштерін  беріп жіберді. Аманатты  иесіне табыстадық. Басына іс түскен  отбасына дәл қазіргі кезде қандай көмек болса да артық емес. «Жақсылық- көрсең асыр, жақсылық- қылсаң жасыр» -деп дана халқымыз айтқандай , жария ,жасырын берген көмектеріңіз үшін рақмет!

           2023 оқу жылының ақпан айында мектебімізде  қайырымдылық іс-шара жалғасын тапты.  Әлеуметтік  көмекті қажет ететін  Әлжан ата  н/ж    жалдамалы пәтерде тұратын  анасы қайтыс болған жартылай жетім  9 «А» сынып оқушысы Қуатбек Нұрбалаға   ұстаздары тарапынан қаржылай көмек жиналып, спорттық киім  алып берді.

         2023 оқу жылының ақпан айында мектебіміздегі  қайырымдылық іс-шара барысында   әлеуметтік  көмекті қажет ететін  Грушовая центральная №85 тұратын        5 баласы бар аз қамтылған, көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан  7 «Б» сынып оқушысы Бисенбай Шыңғысқа  мектеп әкімшілігі тарапынан  қаржылай көмек жиналып, қыстық аяқ киім  алып берілді. Мектебімізде осы отбасының  3 баласы білім алады. 4 «Б» сыныбында Бисенбай Еркін , 6 «Ә» Бисенбай Еркебұлан. Көрсетілген көмекке анасы Торешова Гулбахша алғысын білдірді.

         Наурыз айында  мектеп асханасы өз жұмысын жүйелі жүргізді. Жалпыға білім беру қорынан  бөлінген қаржы есебінен материалдық жағдайларына байланысты, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардын шыққан балалар, көпбалалы әлеуметтік жағдайы төмен, азқамтылған   тізім бойынша 160 оқушы тамақтанып отыр.   Асхананы жалға алушы Мейрамгүл апайымыз   мейрам қарсаңында барлық оқушылар мен ұстаздарға  наурыз көже мен дастарханның берекесі қазақтың бауырсағын жасап, таратты. Бұл игі бастамаға ризашылығын білдіріп, алғыс, батасын беріп жатты.III тоқсанның демалысынан келген оқушылар арасында  әлеуметтік паспортта  толық емес отбасы есебінде, жалдамалы пәтерде тұратын  4 «Б» сынып оқушысы    Генжебаев Асылбек  №59 бұйрық   және 1 «А» сынып оқушысы   Генжебаев Ақылбек  №60 бұйрық  бойынша Атырау қаласы  «№24 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне   ауысуына байланысты 27.03.2023 жылдан бастап  тегін ыстық тамақ ішетін оқушылар тізімінен шығарылып , кезекте тұрған  білім алушылар орынына алмастырылып, тегін ыстық тамақ ішетін оқушылар тізіміне енгізілді. Қазіргі таңда барлығы жалпыға білім беру қорынан  160 оқушы тегін ыстық тамақпен  қамтылған.

      Мектеп асханасынан берілетін ыстық  тамақтардың сапасын бракираждық комиссия үнемі бақылауда ұстап, тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады. 

Тексеріс кезінде асхананың ас мәзіріне сәйкес тағам жасалып, ыстық тамақ ішетін оқушылар   тамақтанып отырғандығы; комиссия мүшелері балалардан тамақтың  дәмділігін сұрағандығы; оқушылар тарапынан ешқандай  шағым болмағандығы; асхана тазалығы талапқа сай  ас мәзіріне сәйкес тағамның дайындалу мөлшері барлығы   тексеру барысында дұрыстығы анықталды.

    Наурыз айының екінші аптасында тәрбие бөлімі мен   психологтар мен бірлесіп    жас өспірімдер арасында әлімжеттік, қылмыстық жағдайларды болдырмаудың алдын алу барысында  сынып сағаттарына кіріп, түсіндіру жұмыстары  жүргізілді. 

     Өткен айда  өткізілген  «Жылы жүрек- жомарт қол» қайырымдылық акциясы наурыз айында да жалғасын табуда . Көмек көрсетем деген ниеттегі жасырын  қолдаушылар да көмектеріп әкеліп жатыр. Бұл көмектер міндетті түрде әлеуметтік аз қамтылған, шынайы мұқтаж  жандарға   жол тартады.

Жас өспірімдер арасында  қылмысты болдырмау мақсатында оқушылармен жұмыстар жүргізілді.8 «Б» сыныбында   «Сыбайлас жемқорлыққа  жол жоқ!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбиелік мәні бар қысқа метражды видео ролик көрсетіліп, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Қоғамның әр түрлі  орталарында   сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу ,   профилактикалық  жұмыстарын насихаттау,  сыбайласжемқорлыққа қарсы  күрес туралы  заңдарды негізге ала отырып,  құқықтық мағлұмат беру, білімдерін кеңейту,  саяси   өмірден хабардар  жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіе,  қоғамда орын алып жатқан  жағдаяттарға өзіндік ой-пікірімен  санасуға жағдай жасау. ҚР-на  адал қызмет етуге,  Ата заңды құрметтеуге ,  адамгершілікке тәрбиелеу. 

       Оқушылар   жемқорлықтың құрығы қысқа екенін айқындайтын  медицина саласындағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты  шағын қойылым қөрсетті. Қойылым әр оқушының болашақта бұл әрекеттің ешкімге опа бермейтіндін көкейлеріне түюге ой салды.

    Осы тақырып аясында ДТІЖО Л.Оспанова  мен әлеуметтік педагог С.А.Назикенова  алдын- ала даярланған ситуациялық жағдаяттар бойынша жұмыстар жүргізді.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – деп дана халқымыз айтқандай, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау тауып қол ұшын беру  – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Әр қоғамда тұрмыстың тауқыметін  тартып жүрген жандар аз емес-ау?! Мектебімізде әлеуметтік мәртебеге ие қаншама отбасы бар. Барлығының жағдайын жасау мүмкін емес... «Бір үй аш болса, бір ауыл аш, бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш» деген қағиданы ұстансақ,  демеушілер тарапынан келген көмекті қарлығаштың қанатымен су сепкендей  үш отбасына қылдай бөліп берген жайымыз бар.

     2019 оқу жылының түлегі Жұматай Аида және анасы Ажар Жұматайқызы мектебімізге демеушілік көрсетуге келгені көпшілік ұстаздар қауымының мерейін өсіріп, мәртебесін арттырды. Жұматай Аида -Халық Қайсар ағайымыздың шәкірті, озат оқушыларының бірегейі. Қазіргі таңда жоғарғы оқу орнында білім алып, қосымша жұмыс істеп , өзінің маңдай терімен тапқан  қаражатына демеушілік көрсету мақсатында келгені көпке үлгі боларлық! 

      Үлкен қоғамға қадам басып, қиындықпен бетпе-бет келіп, қайратын қайрап жүрген Аида шәкіртіміздің  жүрегіне мейірім мен  даналықтың нұрын құйған отбасы мен ұстаздарының үлесі орасан зор. Мұны түсінген шәкірт  ұстаздарын да ұмыт қалтырмады. Рысты Жүсіпқызынан бастап  білім нәрімен сусындатқан әр ұстазға гүл шоғын сыйға тартып, жылы тілекке толы алғысын да білдіріп жатты. Қызының бетін қақпай , жақсы іске жаршы болып, қолтығынан демеп жүрген анасы Ажар Жұматайқызына айтар алғысымыз шексіз! 

       «Қыран жемін шашып жейді, құзғын жемін басып жейді» демекші, жалғыз өзі тойғанша жұрттың қамын жеуді жастайынан ойлаған Аида шәкіртімізге алғыстан басқа айтарымыз жоқ! 

Мектебімізде сәуір айында «Қыз-еркем, қылығымен көркем» атты тақырыпта қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 5-10 сынып қыздары, ДТІЖО Л.Оспанова, әлеуметтік педагог С.Назикенова, педагог-психолог А.Сауыт, педагог-ұйымдастырушы М.Рақымбай қатысты. Жиналыстың мақсаты: қыз тәрбиесі туралы айта отырып, қыздардың бойында мейірімділік пен адамгершілік қасиетін дамыту. Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата – бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру.  Мектепішілік қыздар төрайымын сайлау. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мен оқыған бір кітап» атты тәрбиелік мәні бар эпизодтарды қыздарға ой бөлісу. Аталмыш шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Оспанова ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек етті. Мектеп педагог-ұйымдастырушысы М.Рақымбай «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты бейнеролик көрсетіп, қыздарға ситуациялық сұрақтар қоя отырып, еркін пікір алмасу жүргізді.  Мұнан соң сөз алған әлеуметтік педагог С.Назикенова «Мен оқыған бір кітап» бойынша А.Баймұхамедовтың «Тастамашы ана» атты кітабындағы 5 жастағы Ілияс Мұхамедовтың ата-анасынан айырылып, жетімдер үйіндегі аянышты тағдыры туралы бір үзік сырмен бөлісті. «Саусақ бірікпей, ине бірікпейді»,- демекші қыздардың ауызбіршілігін арттыру мақсатында педагог-психолог А.Сауыт қыздарға керемет тренинг өткізді. Жиналыс соңында орта буыннан және жоғары буыннан мектепішілік қыздар төрайымы сайланды. Қорытындылай келе, жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді. Жиналыс сырласу түрінде өтіп, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарады. 

        Сәуір айында  5-сынып оқушыларына жоспар бойынша мектеп мейірбикесі  Кисарова Майнұр  мен әлеуметтік педагог Самал Айтбериковна  табиғатта тамашалап, таза ауада жүрудің пайдасы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Денсаулық сақтау – өзіңнен басталады» - демекші, әрбір оқушының таза ауада , табиғатта  деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыру басты міндеттері екені туралы түсіндіріп өтілді. Оқушылармен бірге  таза ауаға   шығып, серуендеп, доп ойнап, жақсы көңіл-күй қалыптасты. 

      Тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларды белгілеп отыратын табель бойынша асханадан тамақтанатын оқушылардың дұрыс тамақтануы қадағаланды. Асхана жұмысын тексерілді. Асханадағы оқушылардың уақытында дұрыс тамақтануын қадағаланды. Асханада әкімшілік өз кезекшіліктерін уақытылы өткізді. 

Бүгін 1 маусым  2023жыл Халықаралық балалар күні мерекесіне орай «Мен өмірдің гүлімін» атты мерекелік бағдарламалық шарасы өтті. Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын-сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу. Ойын сауықта мың бұралған бишілеріміз үнді, қазақ билерін билеп, жеке ән орындап көпшілік көңілінен орын тапты.  Ата-аналар мен ұстаздар балалардың өнерін тамашалап, ең кішкентай қонақтар үшін түрлі эстафеталық және ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Мерекелік шараның соңында балаларға демеушілер мен ұстаздар тарапынан балмұздақ үлестірілді.Фото, видеосы инстаграм әлеуметтік желісіне жүктелді.

    2023 оқу жылының мамыр және маусым айларында   айларында   әлеуметтік жағдайына  қарай  бес категория бойынша  сынып жетекшілермен  тығыз жұмыс жүргізе отырып  2023   жылға жалпыға бірдей білім беру қорынан әр балаға  40.000 теңге   қаражатқа   формамен қамтамасыз етуге  білім алушылардың тізімі дайындалды.  Оған 1-10 сынып аралығында оқитын  әлеуметтік статустағы білім алушылар  тізімге енгізілді. Құжаттар №64 қаулы негізінде  ата-аналарға  құжаттар жинақталып, тіркеу журналына жазылды. Сынып жетекшілер ата-аналардың әлеуметтік  жағдайын тексеріп , үйлеріне барып, АКТ жасап , дәлелдеме фото суреттер құжатпен бірге тіркелді

Орындаған:

Әлеуметтік педагог: Назикенова С.А.


Похожие публикации:

29 декабрь 2022 Іс-шара
13 октябрь 2022 Іс-шара
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив