Іс-шара » "Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
октябрь
2022

Іс-шара

«Шетел тілін оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдер»

       Алматы облысы білім басқармасының  жылдық жоспарына сәйкес 21.10.2022 жылы  Қарасай ауданы Шамалған ауылы  Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебінде  «Шетел тілін оқытудағы белсенді әдіс -тәсілдер»  тақырыбында  «Case study»   үлгісінде облыстық семинар өткізілді. Аталмыш семинарға  Қонаев қаласы, Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл, Талғар, Ұйғыр, Райымбек, Кеген, Балқаш   70 - ке   жуық тіл мамандары  қатысты.                                   

     Семинардың негізгі мақсаты  ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдауда іс-тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек беру.

    Семинарға келген  қонақтарды  кезекші мұғалімдер QR код арқылы тіркеп отырды. Семинардың замануи форматта өтуі   қонақтарды тіркеуден –ақ көрініс тапты. Себебі  келген қонақтар үш QR код арқылы тіркелді. Бірінші, аты-жөнімен тіркелсе, екінші, электронды форматта бағдарламаны ұялы телефонына жүктеп алды. Үшінші, семинарға келген қонақтарға арнайы  ашылған WhatsApp  желісіне қосылды. Сондай-ақ,  қонақтарға тілектер жазылған  қызыл, сары, жасыл түсті алмалар  таратылды. 

     Мәжіліс залында жиналған әріптестерімізбен  Қарасай аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері  М.Нурсапаева  «Жаңа инноватциялық әдіс-тәсілдердің ерекшелігі»  туралы әріптестермен таныстырылым жұмыстары жүргізілді. Сабақтарға кері байланыс беру сәтін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Халық Қайсардың ұйымдастыруымен  алдын-ала сұрақтар таратылып аты-жөнімен  тіркелді. Бұл да әріптестеріміздің сабақ барысын жіті бақылап, ойын жинақтап, сабақтан алған әсерлерін  еркін, тиянақты жеткізу мақсатында ұйымдастырылған болатын.

 

      Қонақтар келген кездегі таратылған  алма түстеріне қарай топтастырылып,  дебат, коучинг,  тренинг, сабақтарға қатысуға бөлінді. Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебінің тәжірибелі   ұстазы Даулетбаков Багдагул Абилбековна мен  жас маман Арғынбаева  Айгерим   Маликовна , Белинский ОМ келген Кульбосинова Лиза Жаулыбаевна  мен   жас маман Ниязбаева  Гулсим Нұрлыбековна, Қарасай батыр ОМ келген   тәлімгер Нурмагамбетова   Ақмарал  Тенгеловна  мен тәлім алушы Жансүгірова  Лаура Жәнібекқызы тәлімгер мен тәлім алушы болып  дуэт сабақтар  өткізді. Келесі сабақты  Керімбеков ОМ келген  Нурлан Ербол Нурланұлы , Ұлан  ОМ ағылшын пән мұғалімі Жолышева Жибек  Садуакасовна , Алмалыбақ  ОМ   ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Изгенова   Алмагуль Муратовна  сабақ өткізді.  

    Түскі үзілістен кейін  II бөлім   тәжірибелік алаңда Ұлан ОМ мен    Керімбетов ОМ  ағылшын тілі пәні мұғалімдері  Аблаева Рабиға Алдақуатовна , Сазанбаева Орынжан  Женисбаевна  «Белсенді оқыту әдіс-тәсілдерді  қолдана отырып,  ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің  пәндік   құзіреттілігін арттыру»  шебер сынып , кітапханада  Үшқоңыр ОМГ Хамитова Меруерт  Айнабековна мен  Жармухамбет  ОМ Коккузова Назира Амиркожаевна   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  оқушылардың танымдық  қызығушылығын арттыру»  тақырыбында   тренинг өткізді. Ұшқыр ой алаңы   жас мамандар арасында дебатты   С.Керімбеков ОМ  Қоқымбай Ерден Ерланұлы  мен Ушинский ОМ Хизат Дамель  жүргізді. «CES  for you»   Халықаралық тіл  орталығының директоры  Тәңірбергенова Айгүл Қанатқызы  «IELTS тестіне  дайындық жұмыстарын  тиімді жүргізу  барысы»   атты коучинг  арқылы  құнды ақпараттармен бөлісті.

     Семинар соңында мәжіліс залына жиналған қонақтар бүгінгі  тренинг, дебат, коучинг және ашық сабақтардан алған әсерлері туралы ойларын ортаға салып, семинардың жоғары деңгейде өткендігі туралы пікірлерін, жылы лебіздерін білдіріп жатты. Сондай бір әріптесіміздің кері байланысымен бөліссек.

       Семинарға қатысушы Несипбаева Ботагоз:  бүгін  Қарасай ауданы, Шамалған ауылы  Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебінде «Case study»  үлгісінде өткізілген облыстық семинарға қатыстым. Тәжірибелі  ұстаз Даулетбакова Багдагул Абилбековна мен  жас маман Арғынбаева  Айгерим  Маликовна   8-сыныпта  «My country.Daily life and shopping»  тақырыбы  бойынша тәлімгер мен тәлім алушы болып  дуэт сабақ өткізді. Сабақта көптеген  жаңа әдіс-тәсілдер мен вебсайттарды  ұтымды қолдану арқылы  білім алушылардың  белсенділігіні мен қызығушылығын  арттырды. Артынша сабаққа қатысты өз ойымызды ортаға салып, кері байланыс жасадық. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Бұл мектепте  маған ерекше ұнағаны кабинеттер толығымен заманауи техникалармен  жабдықталған. Сабақтан  кейін  мәжіліс залында ұстаздар  презентация қорғап, кері байланыс жасалды. Семинар өте жоғары дәрежеде өтті , тәжірибе алмасып , білім қоржынымыз толып қайттық , - деп семинардан алған әсерімен бөлісті.

      Сондай-ақ , қонақтармен  ағылшын тілінде еркін сөйлесіп , сұхбат алған мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының  оқушылары Мустафаева  Дана мен Дүйсенбекқызы Назеркеге облыс өкілі Қимадиев Нарық Қимадиұлының таң қалғаны  жасырын емес. 

    - Мектепке кіргенде ағылшын тілінде  сұрақтарын қойып, еркін сөйлеп тұрған білім алушыларға деген таңданысымды жасыра алмадым. Себебі, тереңдетілген мектеп емес, жай мектептің өзінде қазақтың балалары   нақ бір АҚШ –та туылғандай еркін сөйлеуі,  мені еріксіз таңдай қақтырды. Осындай білімді, алғыр, өжет жастарымыз барда қазақ елінің   көк байрағы  желбіреп, өзге елмен тереземіз теңесер күн де алыс емес деп топшыладым.                  

       «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»  - деп Қадыр Мырза Әлі атамыз айтқандай  өзге тілде оқушыларын  еркін сайратып қойған  ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне алғысын білдірді. 



       Аудан мектептерінен , облыстық инновация бөлімінен жылы лебізді кері байланыстар болды. Семинарға қатысып , сабақта шетел тілін оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдерді ұтымды қолданып , тренинг, дебат, коучинг  және ашық сабақтар өткізген ұстаздарымыз арнайы сертификаттармен және алғыс хатпен марапатталды.  Мектебіміздің   директоры  Г.Ж.Катубаева мен Қарасай аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері М.Нурсапаеваға облыстық семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін  облыс өкілі Қимадиев Нарық Қимадиұлы  өз ризашылығын білдірді.

Әлжан Бұқарбайқызы   атындағы қазақ 

орта мектебінің директоры 

Г.Ж.Катубаева 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

С.А.Назикенова 

Похожие публикации:

18 май 2022 Мұғалімдер
11 апрель 2022 Тәжірибе алмасу
10 март 2022 Іс-шара
17 март 2022 Іс-шара
10 март 2022 Іс-шара
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив