NIS » "Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
декабрь
2022

NIS


Ашық есік күні  «НЗМ оқушыларының бір күні»

      2022 жыл желтоқсанның алтыншы жұлдызы  біздің мектеп оқушылары үшін сәтті күндердің бірі болды.  Нұржан  Молдамұратұлы   7-11 сынып оқушыларын  бастап,  НЗМ оқушыларының бір күндік өмірімен танысуға жолға шықтық. Қар жауып, жол қиындығын   еңсеріп, діттеген НЗМ-не жеткенімізде   құшақ жая қарсы алған  мектеп оқушылары мен  ұстаздарының қонақжайлылығы  бізді бір серпілтіп тастады. Жоспар бойынша  келген қонақтарды  дәріс залында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Ш.Сабырханова  бүгінгі іс-шараның барысымен таныстырып өтті. Бұдан әрі   өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері   10 В сынып оқушысы Айдаров Даниял мен 11 В сынып оқушысы  Бекмухаметова Адель   мектеп ішіне саяхат жасатты.  Экскурция кезінде  оқушыларымыз көптеген мағлұматтар алды. 

      Астана қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебі 2009 жылдың ақпанында ашылған болатын. Бұл Қазақстанда салынатын Назарбаев зияткерлік мектептерінің алғашқысы. Жалпы  Қазақстан бойынша  жиырма екі   зияткерлік мектептер бар . Біз келген НЗМ мектебі  Алматы қаласы   Қалқаман  ықшам  ауданында   21-ші  болып салынған . Бұл мектеп  заманауи ғылыми-зертханалық және интерактивті мультимедиялық жабдықпен жарақтандырылған. Зияткерлік мектепте білім берудің екі моделі жүзеге асырылған. Бірінші модель - жаратылыстану-математикалық бағыттағы эксперименталды ықпалдасқан білім бағдарламасын жүзеге асырады. 

Бұл бағдарлама бойынша оқушылар   физика ,математика , химия және биология пәндерін тереңдетіп, үштілді ортада оқиды. Зияткерлік мектебінің осы және басқа да ерекшеліктері балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасалған. Ғимарат адамның бес саусағы іспеттес бес блоктан тұрады. Заманауи  жабдықталған кітап қоры бар  бай   кітапханада білім алушылар   сабақтан  кейін қосымша осы жерде дайындық жұмыстарын жүргізеді.  Бірінші және екінші қабатта   екі үлкен, кіші асхана орналасқан . Оқушылар кесте бойынша екі уақыт тамақтанады. Бір блокта  алыстан келетін оқушылар жататын арнайы жатахана бар. Жатахана жылы, таза, жарық, жайлы  барлық   жағдай жасалған. Мектептің жертөлесінде   тігін машиналары қойылып, қыздарға   қол өнер   кабинеті қарастырылған. Ал,ұлдарға арнайы робототехника кабинеті жабдықталған. Фойэге   үстел тенисі орналастырылған. Кіші және үлкен спорт  залдарда арнайы жылжымалы  құралдар   ; футбол қақпасы, волейбол  торы , күреске матрастар бар. Сондай- ақ , қазақи  нақышта ою- өрнектермен безендіріліп , шаңырақ  астында бір кісідей қазақтың қара домбырасының  құлақ күйін келтіріп, күмбірлетіп  күй төгілткен оркестрді көргенде  тамсана да , таңырқай қарастық.  Біздің оқушылар да қатарға қосылып, өздері білетін күйлерді  шабыттана қосыла орындады. 

     Бұдан кейін кесте бойынша  оқушылар   сабақтарға қатысып, өздерінің білім қоржындарын  байытты. 

      Мәжіліс залында  ұйымдастырылған  кері байланыс кезінде   оқушылар НЗМ-дегі  өткізген бір күндері туралы өз әсерлерін  айтып тауыса алмады!          Ағылшын тілінде өткен биология сабағында  оқушылар   ойларын шет тілінде емін-еркін жеткізіп, өз ана тіліндей сөйлеуіне  деген таңданыстарын да жасырып қалмады.Әрине, оқушылардың  12 сағат білім алатындықтары  қарапайым орта мектепте білім алып жатқан біздің оқушылар  үшін  де   қиындау көрінгендігін мойындады. Алайда , сіздер мен біздердің артықшылығымыз тек білімде! Біз өз-өзімізді қамшылап , талмай еңбектенсек, Абай атамыз айтқандай ,-« Болмасаң да ұқсап бақ,бір ғалымды көрсеңіз»- демекші, біздің де алар асуымыз, шығар шыңымыз биік боларына сөзсіз сенеміз!  Осындай ой түйген , НЗМ оқушыларымен білім додасында  бірге шауып, бір қазанда қайнаған  оқушыларымыздың білімге деген құштарлығы артып , білімдерін шыңдап, еліміздің көк байрағын  шет   елде желбіретуді алдарына мақсат етіп қойғандары туралы ерекше құлшыныспен жеткізді. Оқушылар өздерінің қонақжайлығын танытып, көктемде  «Бір апта ауылда!»  жобасы бойынша  НЗМ оқушыларын  ауылымызға   қонаққа шақыруды да ұмытпады. Төскейде малы араласқан қазақ елі  қала мен ауыл баласының  білімде ғана емес, өмірде де  аралас-құралас, дос болуына неге жағдай жасамасқа ?! Әрине, бұл  болашақтың еншісінде!

     Оқушылардың көзінде жанған білімге деген құштарлықтың  отын көргенде:

Көздерінде от ойнар ,

Сөздерінде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін! –деген Мағжан Жұмабаевтың өлең жолдары ойға оралады. Біздің білімді, білікті ұрпағымыз барда  Тәуелсіз Қазақстанымыздың  келешегі  айқын   да жарқын  болмақ ! 


Әлжан Бұқарбайқызы   атындағы қазақ орта 

  мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

С.А.Назикенова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив