лагерге қабылдау » "Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
апрель
2022

лагерге қабылдау

«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы   лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті 


1. Жалпы ережелер


1. «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Павлодар қаласының білім беру ұйымдары көрсетеді (бұдан әрі – білім беру ұйымы).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3.Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы                   27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының                           11)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы                       31 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 1119 қаулысына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) көрсетіледі. 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім беру ұйымдарындағы стендтерде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымдарындағы күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілерге (бұдан әрі – алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет жергілікті және республикалық бюджет есебінен тегін көрсетіледі.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

    

8. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетуге жағдайлар қарастырылған білім беру ұйымдарының ғимараттарында көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және қызметті жедел ресімдеусіз білім беру ұйымдарының бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.   

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері стандарттың 7-тармағында көрсетілген. 

11. Мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық тапсырмауы, сондай-ақ, қызметті ұсыну үшін белгіленген тұлғалар санаттарына сай келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады. 



3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер

 (өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы


12. Алушы мемлекеттік қызметті алу үшін стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін білім беру ұйымына ұсынады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсыру кезінде

алушыға стандарттың 14-тармағында көрсетілген мәліметтермен қолхат беріледі. 

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне мынадай құрылымдық функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі – бірліктер)

1) білім беру ұйымының жауапты орындаушы;

2) білім беру ұйымының директоры. 

15. Әрбір әкімшілік әрекеттің (үрдістің) орындалу мерзімін көрсетумен әр бірліктің әкімшілік әрекетінің (үрдісінің) бірізділігі мен өзара әрекетінің мәтіндік кестелік сипаты осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген. 

16. Мемлекеттік қызмет көрсету және  бірліктің үрдісінде әкімшілік әрекетінің ой-түйіндік тәртібі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсететін 

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі


17. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында қабылданатын шешімдерге және әрекеттерге (әрекетсіздікке) жауап береді.

Похожие публикации:

19 апрель 2022 Оқуға қабылдау
21 апрель 2022 Экстернет
21 апрель 2022 Экстернет
10 март 2022 ББЖМ
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив